Елімізде пара алатындардан гөрі, пара беретіндердің саны артып тұр. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен қозғалған қылмыстық істер арасында 56 пайызы пара беру үстінде қолға түскен. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мәлімдеді. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметкерлер арасында бюджеттен бөлінетін қаражатты игеру кезінде құқық бұзушылықтардың көп екенін айтып, бұл жолдағы стратегияны өзгерту керектігіне тоқталды.
Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жыл сайын бюджеттік қаражатты игеру кезінде көлеңке тұстар көп. Мемлекет бюджетінен бөлінген ақша жыл соңына дейін игерілмей қалса, қаражатты бюджетке қайтару керек. Мемлекеттік қызметкерлер бұған қорқынышпен қарайды. Содан әлі дайын емес нысанды қабылдау актілеріне қол қоюға мәжбүр етеді. Сондықтан қаржыландыруды бірден емес, нысанның белгілі бір бөлігі аяқталған соң, жұмыстың екінші кезеңіне қаражат бөлу арқылы, кезең-кезеңімен ақша аударуға көшу керек.
А. Базарбай