Елбасы, «Nur Otan» партиясы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, бүгін Бауыржан Байбекті қабылдады. Тараптар Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындықты пысықталды. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек жыл бойы әр өңірге жасаған іс сапарларының қорытындысымен бөлісті. Мәслихаттағы фракцияның сайлауалды бағдарлама бойынша атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Кездесу нәтижесінде партия төрағасы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын 23-ші қарашаға шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Сонымен қатар, орталық аппаратқа және аймақтағы филиалдарға кеңес отырысына дайындықты сапалы жүргізуді тапсырды.
Д. Жарқынбек