Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жамбылдағы жарылыс кезінде із-түссіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаев табылды ма?

AstanaTV
16.11.2021ж. 20:00
3411
Жамбылдағы  жарылыс кезінде із-түссіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаев табылды ма?

Жамбылдағы жарылыс кезінде із-түссіз жоғалған әскери бөлімнің қызметкері Бауыржан Дәуітбаев табылды ма? Мұны аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың өзінен сұрап көрдік. Айтуынша, сүйіншілететін хабар жоқ. Іздестіру жұмыстары әлі жүріп  жатыр. Оған Қорғаныс министрлігі және төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен бірге, облыс тұрғындары да атсалысуда. Тіпті  оқиға болған жердегі  топырақты да мамандар електен өткізіп жатыр, дейді. Ал өткен аптада "Бауыржанды көрдім" деген ақпарат   шыққан болатын.  

Бердібек САПАРБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сөз оның бәрі. Біреу алай дейді, біреу былай дейді. Бірақ, нақты сол екенін біріншіден, ешкім айта алмайды. Екіншіден, нақты оның тірі екені де белгісіз. Бірақ, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр,  әрі қарай жүргізіледі де.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, артынша жойқын жарылыс болған еді. Апаттың салдарынан 17 адам қаза тапты. Төтенше жағдай кезінде 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев жоғалып кеткен.  Содан бері  жігітке қатысты ешқандай хабар жоқ.

А. Данияр