Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордада тұрғын үй өртке оранды

AstanaTV
19.11.2021ж. 20:00
2100
Елордада тұрғын үй өртке оранды

Бас қаладағы "Көктал"  тұрғын алабында  жер үй өртенді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі  әзірге белгісіз. Қазір мамандар  мән-жайды анықтап жатыр.

Диас СЕРІКБАЙҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ТЖД "САРЫАРҚА" АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Төтенше жағдай департаменті пультына Қарасу 11 көшесінде гараж жануы жайлы сигнал келіп түсті.Бірақ та өрт сөндіру бөлімшелері келген уақытында, 2 этажды мансарлы үйде  шатыры жанған екен.


Бүгін сондай-ақ, 18 қабатты "Европейский" тұрғын үй кешенінде де өрт шықты. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша,  төтенше жағдайға  электр сымдарының ақауы себеп  болған.   Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап үлгерген.

Еламан ТОЙЫМБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ТЖД "САРЫАРҚА" АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ-ҚҰТҚАРУШЫСЫ:


Іште электро-шитовой жанған.Дәл уақытында келіп жеттік. Ең бастысы адамдар аман-есен, бәрін құтқарып алдық уақытында.

Б. Сатуов