Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Шымкентте коронавируспен емделіп жатқан келіншек босанды

Шымкентте коронавируспен емделіп жатқан келіншек босанды

Шымкентте дәрігерлер коронавирус жұқтырған жүкті әйелді шұғыл босандыруға мәжбүр болды.  Себебі,   аяғы ауыр келіншектің ішіндегі шарананың демалуы қиындап кеткен. Жүктіліктің 39 аптасындағы келіншек жұқпалы аурулар орталығына ыстығы көтеріліп, жөтел, денесінің құрысу шағымымен түскен.  

Шынар КОРАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Баламның  демалуы нашарлап кеткеннен кейін мені кесероваға алды. +Кесеровамен баламды құтқарып, қазір ол Поповада жатыр. Екеуміз де жақсымыз.  

Муслим ГАСАНОВ, ГИНЕКОЛОГ:


Науқас 12-қараша күні түскен мұнда. ПЦР сараптамасы оның коронавирусқа оң нәтижелі екенін көрсетті.  Төртінші тәулікте ем қабылдау кезінде іштегі баланың жүрек қағысы нашарлай бастады. Шұғыл кесер тілігі арқылы босандыруға шешім қабылданды. Қалалық перзентхананың балалар дәрігерлері босандыруға қатысты. Қазір сәби солардың қарауында. Ал анасы сауыққанша осында тиісті емін жалғастыра береді.


Қалалық перзентхана дәрігерлері  жаңа туған сәбиге туа бітті ауыр дәрежелі пневмония диагнозы қойылғанын айтады. Шақалақ үш күн жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен дем алған. Ал қазір баланың жағдайы жақсы, өздігінен тыныс алып жатыр дейді.  Жақын күндері үйіне шығарылмақ.

А. Төребекқызы