$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ауыл шәкірттері әкімдіктің ескі ғимаратында оқып жатыр

AstanaTV
22.11.2021ж. 17:50
1854
Ауыл шәкірттері әкімдіктің ескі ғимаратында оқып жатыр

Арқалық маңындағы ауылдың оқушылары  екінші тоқсанды әкімдіктің ескі ғимаратында оқуға мәжбүр. Себебі  мектептегі  жөндеу жұмыстары сағызша созылып кеткен. Тендер үшін текетіреске түскен мердігерлер құрылыс жұмыстарын кешеуілдетіп отыр. Білім нысанын дер кезінде қолданысқа бермеген компанияны   облыстық білім басқармасы сотқа берді.

Ескі ғимарат. Тар бөлме. Арқалықтың іргесіндегі Родина ауылының оқушылары  осындай жағдайда  оқып жатыр.   Әкімдік бөлмелері  372 шәкірттің  уақытша білім ұясына айналған.  Ал мемлекеттік қызметшілер  дәрігерлік амбулаторияны паналап отыр.   

Аяулым ТЕМІРЖАН, ОҚУШЫ:

Өзіміздің мектебімізге оралғымыз келеді. +Жөндеу жұмыстарының тезірек аяқталғанын қалаймыз.  

40 жыл жөндеу көрмеген мектепке биыл бюджеттен 452 миллион теңге бөлінген. Қомақты қаражат бөлінсе де, қолданысқа берілмей тұр. Мектеп құрылысының кешеуілдеуіне мердігерлер арасындағы текетірес себеп болса керек.

Исламбек МӘМЕТЕКОВ, АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
Тексеріс болды аудит тексерді. 10 маусымда құрылыс басталды. Содан жөндеу жұмыстары 4 айға беріліп тұр.Материалдың қымбаттауы, тағы басқаларға әкеліп соққаннан кейін біз бүгінге дейін уақытты ұттырып алдық.


Мердігер межелі жұмысты қазан айында аяқтауы тиіс еді.Бірақ үлгермеді. Айтуынша жоба авторының немқұрайлығына байланысты құрылыс біраз уақыт тоқтап тұрған.

Анарбек МАРХАБАЙ, МЕРДІГЕР:


Көп мәселе жоба жағынан болды.Біз соны келістіріп, тапсырыс беруші оқу бөлімі , әкімшілік атынан келістіріп былай жасайық, былай жасайық  деген біраз жайттары келістіріп  оны сметаға  енгізу керек.оның қаражатын қарасытруы керек.Сондай мәселелер қол байлау болды.

Құрылысшылар мектептің жөндеу жұмыстары 95 процентке аяқталғанын айтты.Алайда Арқалық басшылығы мен облыстық білім басқармасы мердігерді сотқа беріп жатқанын хабарлады.

Әмірхан АСАНОВ, АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мердігерге заңды түрде шара қолданылады. Айыппұл саламыз. Сосын сотқа жібереміз. Жауапсыз құрылысшылар реестріне енгізу үшін.

Арқалық әкімі Асановтың айтуынша,  оқушылар осы аптада жаңартылған  мектепке ауысады.

З. Санай