«Қасиетті Қазақстан» жобасына
кіретін нысандар жыл соңына дейін анықталады. Қазірдің өзінде 600-ге жуық
орынды енгізуге ұсыныс түскен. Қыркүйек айынан бастап ғылыми-сараптамалық
кеңестің өкілдері қасиетті мекен саналатын орындарды зерттеуге аттанады. Бұл
мақсатқа Мәдениет министрлігі арнайы қаражат бөліп отырған көрінеді. Толықтай
жан-жақты зерттеудің қорытындысына қарай жалпыұлттық деңгейдегі 100 нысанның
тізімі толығады. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, бұл рухани жаңғыру мен ұлтты тұтастыруды көздейді, дейді.
Берік Әбдіғалиұлы, «Қасиетті
Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:
Ең бастысы, елді біріктіретін
Қазақстанның қасиетті жерлері болуы керек. Биылға қойылған міндет - ол осы тізімді
анықтау, картасын жасау. Бұл бағдарлама өзі 5 жылға арналған. 5 жылдың ішінде
анықталған жерлерге визит орталықтар соғу. Серпіліс беру, ой салу. Жастарды
әсіресе, сол арқылы тәрбиелеп, жалпы қоғам болып осы орындар арқылы рухани
құндылықтарды насихаттау арқылы өзіміздің тарихи, саяси сана-сезімді
қалыптастыру - басты мақсат.