Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Елордада 28 жастағы қыз сауда орталығында көз жұмды

AstanaTV
23.11.2021ж. 20:00
1903
Елордада 28 жастағы қыз сауда орталығында көз жұмды

Елордада сауда ойын-сауық орталығында 28 жастағы қыз көз жұмды. Сауда орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол мұнда   осы жылдың сәуір айынан бастап күзетші боп жұмыс істеген. Денсаулығында кінәрат барын байқамағандарын айтады. Орталық басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтып, барлық шығынды көтеретіндерін жеткізді.

Дана ЫСҚАҚОВА, САУДА, ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ PR МЕНЕДЖЕРІ:

Ол 19 сәуірден биыл жұмысқа келген. Жұмыс істеген аралығында денсаулығына байланысты шағымданған жоқ, жұмыстан босату бойынша, ешқандай медициналық көмекке жүгінбеген.

Куәгерлердің айтуынша, қыз кенеттен ес-түсінен айырылып, құлаған, артынша дірілдеп, селкілдей бастаған. Сауда ойын-сауық орталығындағы медицина пунктінің қызметкерлері  алғашқы көмек көрсеткен.

Әйгерім АРДАҚ, НҰР-СҰЛТАН қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Алайда бұл сәтсіз болып шықты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды.  Ештеңе белгісіз, судмедэкспертиза жүргізуі тиіс. Неден болғанын қалай болғанын, не себепті қудырғылар басталды. Барлығын анықтау керек қой.

Қазір бұл  дерек бойынша  тергеу басталды. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ  ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Жедел жәрдем бригадасы 102 арнасына қоңырау шалып, сауда, ойын-сауық орталығында тіршілік белгісі жоқ 28 жастағы әйелдің мүрдесі табылғаны туралы хабарлады. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Ә. Дүкембаева