Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ақша айырбастау пункттерінде доллар тапшы

AstanaTV
23.11.2021ж. 20:00
2248
Ақша айырбастау пункттерінде доллар тапшы

Еліміздегі  жеке ақша айырбастау пункттерінде халыққа сататын доллар   жеткіліксіз. Бұл туралы айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Арчын Ғалымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ұлттық валютаның әлсіреуіне әсер етуде. Демалыс күндерінен кейін долларды сату бағасы -436 теңгеге, сатып алу құны 434 теңгеге жеткен.  Айырбастау пункттері АҚШ валютасын екінші деңгейлі банктерден алады. Сосын халыққа сатады. Өткен аптадан бастап доллардың сатылатын көлеміне шектеу қойылған.  Бұрын айырбастаушы 50-100 мың доллар сатып алатын болса, қазір сома 10 есеге азайды. Себептері белгісіз, дейді қауымдастық президенті. Бірақ  бұл ақпаратты  Қазақстан Ұлттық банкі   әлі растаған жоқ.

Аршын ҒАЛЫМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН АЙЫРБАСТАУ ПУНКТТЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Валюта бағамы 431 теңге, егер бұл тапшылық болмағанда қолма-қол ақшаның бағамы 432 теңгенің төңірегінде болар еді. Ал қазір 434 және одан да жоғары көрсеткішті көріп отырмыз. Қазір жағдай банктер мен ақша айырбастау орындарындағы бағамдар бірдей дерлік. Біздің білетімізше, жекеменшік айырбастау пункттерінде бағам әрқашан төмен болған.

А. Базарбай