Америкалық
ковбойлар көкпар тартудан күш сынаспақ. Ұлттық ойын ЭКСПО-2017 халықаралық
мамандырылған көрмесі аясында өтеді. Сайысқа мұрындық болған - Түркі
халықтарының дәстүрі спорт түрлері қауымдастығы. Әлемдік көкпар жарысы
Астанадағы «Қазанат» атшабарында тамыздың 20 мен 28 аралығында өтеді. Тілшіміз
Диана Сапарқызы алғаш рет көкпар тартысқа түсетін ковбойлармен кездесіп,
дайындықтарын біліп келді.
Диана
Сапарқызы, тілші:
Америкалық
12 ковбой Астанаға ат басын тіреді. Олар қазір қазақ жылқыларына мініп,
жаттығып жатыр. Бұрын-соңды көкпар ойнап көрмеген олар, уақыт барда тәжірибе
жинап алмақшы. Мұхит асып келген ковбойларға ежелгі көшпенділер ойыны ұнағаны
соншалық, болашақта АҚШ-та екі жылда бір рет әуесқой чемпионат өткізуді
жоспарлап отыр.
Крид
Гарник, ковбойлар командасының капитаны:
Әлемді
шарлап, Америка мен ковбойлардың мәдениетін ежелгі ойын аясында таныстыру - мен
үшін үлкен мәртебе. Бізде родео мен басқа да аттың үстіндегі спорт түрлері бар,
ал сіздерде көкпар және басқалар. Біз барлық мұхиттар мен қашықтықтарды еңсеріп
жылқы малына деген құмарлықты сіздермен бөлісіп отырмыз. Мен осындай тамаша
шараға ат салысқаныма өте қуаныштымын. Мен үшін бұл баға жетпес тәжірибе болып
табылады.
Чемпионаттың
бірініші күнінде америкалық ковбойлар түрік командасымен сайысқа түседі.
Ережеге сәйкес шабандоздар резеңке серкені қолға түсіріп, қарсыласқа қолдан
бермей, өзінің шеңберіне дәл лақтырып түсіруі қажет.
Чемпионатқа
12 елден 200 спортшы қатысады. Ұйымдастырушылар көкпар ойыны әлемге таралуы
үшін ережесін жеңілдеткен. Көкпарда қазақ жылқылары шабатын болады. Ол үшін әр
облыстан 20 айғыр алдыртпақ. Олар мертіккендерін алмастыратын болады.
Бекболат
Тілеухан, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:
Қазандыққа салым салысқанда, спортшы қоса түсіп, жарақаттанып жатады. Аттар кеудесімен соғылып жатады. Америкалықтар көкпарды ойнағанда, қазандықты алып тастап, шеңбер сызып ойнаған екен, біз сол шабан көкпар сияқты бізден үйренген америкалықтан, біз уйреніп осы нәрсені қайтадан алып жатқан жағдайымыз бар.
Ал көкпарға салынған жүлде қоры 18 млн теңге. Бірінші орынға 10 млн теңге сыйға тартылады.