Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Атырауда 4 айлық сәбиін 38 жерден пышақтаған келіншекке қатысты сот үкімі шықты

Атырауда 4 айлық сәбиін 38 жерден пышақтаған келіншекке қатысты сот үкімі шықты

Атырауда 4 айлық сәбиін 38 жерден пышақтаған әйелге  қатысты сот үкімі шықты. Сотта қатыгез ананың  бұл жантүршігерлік  қылмысты   есі дұрыс емес күйде жасағаны дәлелденген. Енді ол жазасын темір тордың ар жағында өтемейді.  Психикалық  стационарда мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. Үкімді тыңдауға сотталушының  туыстары  келген жоқ.  Күйеуі мен жақындары онлайн арқылы тыңдады. Ал өзі Атыраудағы психикалық денсаулық орталығында емделіп жатыр. Сондықтан тергеуге де, сот процесіне де қатысқан жоқ.

Зарема ХАМИДУЛЛИНА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Байхиева ҚР ҚК 99бабының 3-бөлігімен көзделген іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін ҚР ҚК 16бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылсын.  Армангүл Юсуповна Байхиеваға мамандандырылған үлгідегі психияторлық станционарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалсынн.
 
Сот процесінде 41 жастағы келіншектің  паранойтты шизофрениямен ауыратыны дәлелденген.  Алайда жүктілік кезінде де, босанған соң да ауру белгілері байқалмаған. Тек нәресте қырқынан шыққан соң ғана туыстары әйелдің денсаулығынан ауытқушылықтарды байқапты.  Естеріңізге салайық, қатыгез оқиға осыдан 7 ай бұрын, 26 сәуірде  Құрманғазы ауданындағы Көптоғай ауылында болды. 4 айлық нәрестені туған анасы  асхана пышағымен 38 жер жарақаттаған.

Б. Надірқызы