Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Екі ел шекарасында орналасқан Сладкое көлі Қазақстан аумағына ығысқан

AstanaTV
16.08.2017ж. 20:00
2531
Екі ел шекарасында орналасқан Сладкое көлі Қазақстан аумағына ығысқан

Қазақстанның Павлодар облысы мен Ресейдің Новосібір облысының шекарасындағы Сладкое көлі Қазақстан шекарасына ығысқан. Ресей жағындағы көлдің жиегі соңғы жылдары жылдам құрғап қалған. Қазір көлдің жиегі екі ел шекарасының қиылысында орналасқан. Мұны Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясы анықтады. Ресей тарапы Сладкое көлі Қазақстанға берілді деген ақпаратты жоққа шығарып, жағдайды түсіндіріп жатыр. Енді жергілікті билік ауыл тұрғындарына көлде құс атуға болмайтынын ескертіп әлек.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясы 8 маусымда Павлодар мен Новосібір облыстары арасына шекара белгілерін орнату жұмыстарын бастады. Сладкое көліндегі шекара бөлігіне қатысты комиссия делимитациялық картада мемлекеттік шекара сызығын бөлетін су қоймасы 70:30 арақатынасымен Қазақстанға тиесілі екендігін анықтады.