Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елімізде байлық салығы енгізілуі мүмкін

AstanaTV
25.11.2021ж. 20:00
1710
Елімізде байлық салығы енгізілуі мүмкін

Елімізде келер жылдан бастап байлық салығы енгізілуі мүмкін. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы бүгін осындай ұсыныс айтты. Яғни, бағалы бұйымдар, элиталық жылжымайтын мүлік,  қымбат автокөлік, ұшақ немесе яхта сынды мүліктің иесі салық төлеуге тиіс.  Оның айтуынша,  мұндай салық түрі көптеген елде тәжірибеде бар.  Депутаттың пікірінше, бұл жүйе байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықтан сақтайды.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:

Сән-салтанатқа салық енгізу елде салық салудың әділетті жүйесін қалыптастырады деп ойлаймын. Осыдан бір жыл бұрын бұл сұрақты ұлттық экономика министрлігіне қойған кезде олар осы бағытта жұмыс істейміз деген болатын. Бірақ, өкінішке қарай, мына Салық кодексінен мұны көріп тұрған жоқпыз.

Ал қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев жобаның қарастырылып жатқанын айтты. Бірақ әлі жеткілікті зерттеулер жүргізілген жоқ деді.  

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Әзірге ондай салық жоқ, біз оны есептейміз. Егер дұрыстап қарасақ, күнделікті әрекет ететін акциздің өзі де байлыққа салынатын салық болып табылады. Оларға сәнді тауарлар - темекі, алкоголь, жанар-жағармай жатады. Немесе бізде мүлік салығы бойынша салық салудың прогрессивті шкаласы бар. Мүлік неғұрлым қымбат болса, соғұрлым ставка жоғары болады. Бұлар да байлық салығының элементтері.

Д. Жарқынбек