Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Энканто» мультфильмінің кейіпкерлері енді қазақша сөйлейді

AstanaTV
25.11.2021ж. 20:00
3535
«Энканто» мультфильмінің кейіпкерлері енді қазақша сөйлейді

Елордада «Nur Otan» партиясының қолдауымен Walt Disney Pictures студиясының «Энканто» анимациялық фильмінің премьера алдындағы көрсетілімі болды. Бұл – «Болашақ» қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасы бойынша ең жоғары стандарттар бойынша қазақ тіліне дубляждалып отырған 38-ші кинокартина. 

Премьера алдындағы  көрсетілімге  «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты. Оның айтуынша,  шетелдік фильмдерді бюджеттен тыс қаражат есебінен мемлекеттік тілге дубляждау-болашақтықтар іске асырған әлемдегі бірегей жеке бастама.   10 жыл ішінде жобаға 22 компания қолдау көрсеткен.  38 фильмді дубляждаудың жалпы құны 1,5 млрд теңгеден асты.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНІШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Өзіңнен баста, қазақша сөйле деген жобаны бастадық. Елбасы бізді қолдады, 10 жылдың ішінде 38 жобаны жасаппыз. Шын мәнінде дүние жүзінде бір ғана Қазақстанда жеке бастамамен қаражат тауып, мемлекеттік тіл дүниежүзілік дәрежеге өсті. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз дубляж мәселесі, қазақ тілінде фильмдерді, мультфильдерді шығару үшін сапалы дүниежүзілік жоғары стандартты сай жасауға мүмкіндіңіз бар.

Қордың анимациялық фильмдерді дубляждау жөніндегі соңғы жобасы болғанына қарамастан,  Бауыржан Байбек «Нұр Отанның» қолдауымен болашақтықтардың бастамасы партияның қолдауымен  жалғасын тауып, қазақ тілінде сапалы мультимедиялық контент жасау ұлттық саясаттық бір бөлігіне айналатынын атап өтті.  Жобаның арқасында қазақ тілі Уолт Дисней компаниясының тарихындағы 39-шы және екінші түркі тілі болды.

Динара ШАЙЖҮНІСОВА, «БОЛАШАҚ» ҚОРЫ ҚАМҚОР­ШЫ­ЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз іс жүзінде Қазақстан балаларының әлемдік студиялардан жоғары сапалы контентке қол жеткізуге конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік жасап жатырмыз. Бүгін жобаға 10 жыл толып отыр.

«Энканто» фильмін дубляждау жұмысына Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан кәсіби актерлер қатысты. Алғаш рет Голливудтың танымал актерлері қазақ тілінде сөйледі. Басты рөлдегі Изабелланы қазақ актрисасы Жарқынай Ханайым дыбыстады. Бұл оның жобадағы алғашқы басты рөлі.

Жарқынай ХАНАЙЫМ, БАСТЫ КЕЙІПКЕР:

Кейіпкерімнің аты Изабелла, өте қылықты, өте сыпайы. Бірақ кейбір жағдайлардан кейін оның өмірге деген көзқарасы өзгереді, өзінің ұстауы да өзгереді. Сондықтан өзгеше кейіпкер.  Оқиға желісі өте өзгеше, кейіпкерлері де өзгеше деп айта аламын.

Барлық ұлттардың өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, қазақ тілін, мәдениеті мен дәстүрін дамыту "Nur Otan"-ның стратегиялық басымдығы болып табылады.  Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Кинематография туралы» заңға өзгерістер енгізу жоспарлануда.   Кинотеатрларда қазақ тіліндегі контентті көруге теңдей мүмкіндік беру мақсатында жыл сайын кемінде 15 анимациялық фильм мен отбасылық тамашалауға арналған фильмнің дубляжын қамтамасыз етуге мемлекеттік қолдау көрсету көзделіп отыр.  

Ә. Дүкембаева