Агроөнеркәсіптік
кешен бағдарламасы аясында шаруалар кәсібін субсидиялау жеңілдетілді. Осының
арқасында миллиардтаған теңге үнемделіп, өндірушілер саны үш есеге артқан. Бұл
туралы үкіметте өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Қайрат
Айтуғанов мәлімдеді.
Оның сөзінше, соңғы
жылдары агроөнеркәсіп кешені бағдарламасының шарттары толыққанды өзгерген.
Оның көбі субсидияланды, яғни қаржыландырылып жатыр. Қазір субсидиялаудың 11 түрі
толық жойылған. Ал, кейбірінің уақыттарына қатысты өзгерістер еніп отыр.
Мысалы, мал шаруашылығында. Осының арқасында 25 милииард теңге үнемделіп,
ауылшаруашылық өнімдерін 30 пайызға арттыруға жол ашылыпты. Бұрын бұрын мал
бордақылаушылар субсидия алу үшін кемі 400 бас мал ұстауы керек болса, қазір 100
бас болса, жеткілікті.
Қайрат
Айтуғанов, ҚР АШМ бірінші вице-министрі:
Былтырғы бюджет аясында субсидия алушылардың
көлемі де 3 есеге артты. Былтырғы жылға дейін 175 шаруа үкіметтен қаржы алса,
бүгінде осы мал шаруашылығы барысында 522-ге жетті. Өсім жақсы жалғасса, 2021 жылға дейін мал шаруашылығы өнімдері 40 пайызға дейін артады деп жоспарлап
отырмыз.