Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

ҰҚК арнайы қызмет операцияларының құпиясын ашты

AstanaTV
29.11.2021ж. 20:00
1367
ҰҚК арнайы қызмет операцияларының құпиясын  ашты

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті арнайы қызметтік операциялардың егжей-тегжейлерін    жариялады. Комитеттің 30 жылдығы қарсаңында жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қиын да күрделі жұмысы  туралы екі кітап жарық көрді. Туынды  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің жалпы редакциясымен «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар», «Мемлекеттік шекара» кітаптары баспаға әзірленген. Кітап  үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде 8 мың таралыммен шықты. Оларды  кітап дүкендерінен  және электронды  түрде сатып алуға   болады. Бүгін тың туындының тұсауы кесілді. Салтанатты шараға ұлттық қауіпсіздік комитеті мен шекара қызметінің  ардагерлері, яғни, кітап мазмұнына арқау болған  кейіпкерлер қатысты.  

Асхат ТӨЛЕУОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚМДБ БАСШЫСЫ:

Кітаптарда сәтті жүзеге асырылған арнайы операциялар мен жетістіктердің аңызға айналған оқиғалары сипатталады. Бұл - Комитеттің мақтанышы,   халық та бұл жетістіктермен мақтанатын болады.   


Кітап кейіпкерлерінің бірі – Дәулет Құсайынов. Ол 2018 жылы   заңсыз эмиграция арнасының жолын кесу шарасына  қатысқан.  

Дәулет ҚҰСАЙЫНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ШЕКАРА БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:


Олар еліміздің оңтүстік шекарасынан бастап   бүкіл аумақты қамтыды.  Орталық Азия аймағының азаматтары транзитпен бүкіл Қазақстан арқылы заңсыз өтіп жатты.


А. Базарбай