Кеңестік кезеңдегі «ҚазЗолото»
кен байыту комбинатынан қалған кеніштері 1999 жылы «ҚазақАлтын» болып қайта
құрылды. Одан кейін компанияның үлесі ресейлік алтын өндіруші компанияға
сатылып, 2011 жылы қайта қайтарылады. Ал араға екі жыл салып Institute Project
BV компаниясына сатылды деген сараң ақпар бар. Соңғы компанияның артында кімдер
тұрғаны туралы ресми дерек жоқ.
Ал «Қазақалтын» кәсіпорны - мемлекет алдында
барлық әлеуметтік жауапкершілікті алып, қазынаға салық төлеп отырған бірден-бір
компания. Оның Ақсу, Бестөбе және Жолымбет кеніштері бар.
Бұған дейін компания өкілдері
мемлекеттен заңсыз алтын өндірумен айналасатындарға қатысты заңды күшейтіп,
жазаға тартуды өтінген-ді. Қолданыстағы заңнамада заңсыз шахтерларға ешқандай
шара қарастырылмаған. Ал Үкімет келер жылы жеке алтын өндірушілердің қызметін
заңдастыруды көздеп отыр. Яғни алтын өндіруде тәжірибесі бар кез-келген азамат
мемлекеттен арнайы рұқсат алып, алтын қазуына болады деген сөз.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ