Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшерін көтеру, кім үшін тиімді?

AstanaTV
03.12.2021ж. 20:00
2174
Біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшерін көтеру, кім үшін тиімді?

Зейнетақы қорынан ақша шешу, енді екі талай. Жеткілікті деңгей айтарлықтай өседі. Бұл туралы бүгін Біріңғай Жинақтық зейнетақы қоры мәлімдеді. Бұған бұқара ғана емес, сарапшылар мен экономистер де өре түрегелді. Олардың пайымынша бұл тек байларды одан сайын байытуға мүмкіндік береді. Айтуларынша, ел халқының 97 пайызында ондай қаражат жоқ. Толығырақ әріптесім Ақбота Базарбай тарқатады.

Жаңа жылдан бастап әлеуметтік көрсеткіштердің мөлшері ұлғайтылған, атап айтқанда, ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін өспек. Осыны ескеріп, келер жылға төмен жинақтық шек мөлшері де көбейтілді. Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры мамандары, жаңашылдықты осылай түсіндірді.

Қадыржан ЗАБИХ, БЖЗҚ АҚ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Басқа да құзырлы мекемелер болсын, біздің қор болсын, біз әрине, қабылданған заң болсын, қаулы болсын, шешім болсын оны орындап, халыққа жеткізуге міндеттіміз. Біз тек орындаушы ғанамыз.

Көкейдегі сан түрлі сауалға, жауапты мамандар "біз тек орындаушымыз" деп құтылды. Ал шешім қабылдағандар нені негізге алды, біле алмадық.  Білгеніміз, келесі жылдан бастап бұл мөлшер шамамен екі есеге өспек.

20 жастағы жас маманның зейнетақы қорында 3 млн 140 мың теңге болуы керек, ал 59 бен 63 жас аралығындағы азаматтардың есеп шотында 9 млн теңгеден асса ғана бір бөлігін айдалануға мүмкіндігі болмақ.

Диплом жаңа алған жас маманның зейнетақы қорында, қайдан 3 млн теңге болсын? Ол үшін ол қандай жұмыс істеуі керек? Миымыз жетпеді. Келер жылы баспаналы болам дегендердің ауылы алыстап кетті.

БЛИЦ:

- Мүмкіндік беру керек. Өзінің құқысы, өзінің зейнетақысы.

- Дұрыс емес, политика, власти.  

- Бұған дейін шешіп алуға мүмкіндік болған кезде, өте ыңғайлы еді. Енді қиын жағдай.  


Сарапшылар мен экономисттер халыққа бұлай жалған үміт бергенше, бағдарламаны бірден доғара салған дұрыс еді дейді. Бұл тек байларды одан сайын байытуға берілген тағы бір мүмкіндік деп санайды.  

Сапарбай ЖОБАЕВ, САРАПШЫ, ЭКОНОМИСТ:

Дәулеттілер үшін ғана тиімді, ол өздері үшін тиімді. Ал негізгі біздің 97 пайыз халықтың мұншалық ақшасы жоқ. Сондықтан оны көбейтті не, бұрынғы дәрежеде қалдырды не қарапайым халық үшін бұның ыстық-суығы жоқ. Бірақ, ертең үй аламын, бүрсігүні үй аламын дегендердің,  қолжетімділігі үзіліп қалды.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

2022 жылы зейнетақы жинақтарын шамамен 600 мыңнан астам адам пайдалана алады. Бұл көрсеткіш бұған дейінгімен салыстырғанда айтарлықтай азайған. Қаулы тек келер жылы іске асырылмақ. Ал оған дейін, зейнетақы қорыңыздағы қаражат осы жылға белгіленген жеткілікті шекке жетіп тұрса, пайданалып қалуға тырысыңыз.


А. Базарбай