Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Дін өте күрделі мәдени, саяси, тарихи, психологиялық, философиялық феномен

AstanaTV
18.06.2016ж. 20:00
4142
 Дін өте күрделі мәдени, саяси, тарихи, психологиялық, философиялық феномен

Биліктің қателіктерінің бірі дінді, адамдардың діни сезімін жеке бастың шаруасы немесе маңызы шамалы, немесе тек қатер деп қарайтынында,- дейді сарапшылар. Керісінше, мұндай көзқарас қате. Дін өте күрделі мәдени, саяси, тарихи, психологиялық, философиялық феномен екенін айтады, мамандар.Ал радикалды бағыттағы ағымдарға ілескендерді райынан қайтару, ондай бағытты ұстанудың мағынасыз екенін, тіпті күнә екенін дәлелдеу өте  қиын шаруа. Бірақ істелуі керек, міндет шаруа.

Айдос Сарым, саясаттанушы: 

Әлемде орын алып жатқан, біздің елімізде орын алып жатқан рухани, мәдени, вакуум айналып келген кезде бірнәрселермен толтырылады. Оның ішінде діни мәселелер кіріп жатыр. Бүкіл мәселенің шешеім тек тінде деп жатқан адамдар жай ғана диспут, дискуссиямен немесе аға-көк деймен ол мәселе шешілмейді. Басты мәселе, мәдени, рухани және білімдік дәрежеде, өте жақсы ғылыми дәрежеде негізделген мәдени жұмыс жүргізу, ағарту жұмысын жүргізу. Адамды бүгінгі күннің қиындықтарымен бетпе-бет қалдырып қалдық. Ауылдан қалаға көшіп жатқан қазақты әлеуметтендіру жұмысы жоқ. Олар базарда не істеп жүр немесе тұрып жатқан жерінде қандай әңгіме айтып жатыр, кіммен жүр деген әңгіме жоқ. Діни басқарманың қатысы жоқ деген әңгіме айтылып жатыр. Бұл да қате пікір. Өйткені мына Ислам дінінің ерекшелігі діни көзқарас ұстаз бен шәкірттің арасында жүріп жатады. Ғұламаларымызды, имамдарды дайындауда біраз әлсіздік таныттық. Мен біраз азаматтарды білемін, дін жолына түсіп кеткен. Көбісі Құранды соңына дейін оқымаған. Құран аяттарын да білмейді. Есесіне жаңағы ұстаздары айтқан 2-3 қағиданы басына цементтеп тұрып құйып алған. Және одан тайқымайды. Осылардың қатарына адамды қалай жолатпаймыз? Осылардың идеологиясын қалай жоққа шығара аламыз? Өйткені күшке күш, идеяға қарсы тек идея ғана жұмыс істейді. Идея болғандықтан идея тұрғысынан, әлеуметтік тұрғыдан, біздің қоғамның әділ болуы, мәселелердің дұрыс шешілуі, әділ сот, демократиялық қоғам, әділетті қоғам арқылы ғана шеше алатын сияқтымыз. 

Ислам дінін қабылдай отырып, бабаларымыз болмысынан ажыраған жоқ. Дәстүрінен айныған емес. Мысалы, қазақ қызының образы. Ақылды, көркем мінезді, ажарлы. Жүріс-тұрысы, киім киісі әсем. Батырлар жырларынан санаға сіңген образ. Тарихқа жүгінсең, батыр да. Елі үшін, жері үшін жаудың басын шауып алатын... Ал қазір тұмшаланған қыздар бар және керісінше, ашық-шашық, түріне қарауға ұялатын қыздар бар. Ораза айында да жабысып, тырысқан, қып-қысқа шолтиған «бірнәрсе» киіп алуға қысылмайтындарын қайтерсіз. Оларға сұқтанып қарайтын «біртүрлі» кісілерді қосыңыз. Деградация...  

Сараш Қоңырбаева: Біз бұрынғы ата-бабаларымыздың тәжірбиелеріне сүйенетін болсақ, біздің ата-бабамыз қазіргі біз сияқты оқып, білім алмай-ақ, біреулердің көрсеткен үлгісімен жүрмей-ақ, табиғаттан өзіне не қажет екенін білген.  Сондықтанда кең етек көйлек киген. Әйел адамның шашы мына ауадан ,табиғаттан, адамдардың көзінің энергетикасынан теріс энергияны жинайды өзіне. Керек емес нәрселерді антенна сияқты жинап алады дейді. Сондықтан да әйел адамдар үнемі жабық киген деген тұжырым бар ғалымдарда.

Ришат Асқарбекұлы, тілші: Мысалы, қазір қарап отырсақ, дүниежүзінде ғаламдану заманында әйелдердің бірі тақиясын, біреуі телпегін, біреуі қалпағын, біреуі хиджабын насихаттап жатады. Ал, қазақ әйелі, қазақ қызы несімен ерекшеленуі керек, нені насихаттау керек деп ойлайсыз.

Сараш Қоңырбаева: Біздің қазақ қызы, қазақ әйелі паранжа кимеген, тұмшаланбаған, еркін ұстаған қазақ қыздарын деп айтады, иә?!  Қазақтың менталитетінде, қазақтың дүниетанымында  қыздарды қонақ деп қарап, еркін ұстаған, еркін киіндірген. Бұның бірнеше жақтары болуы мүмкін. Қазақ жеті атаға дейін қыз алыспаған. Сондықтан бір ауылда жеті атаға толмайтын әулет көшіп жүреді, туысқандары көшіп жүреді. Сондықтан,  бір ауылдың ішіндегі жігіт мына қызға менің болашақ жарым болады екен деп сұқтанып қарай алмайды. Қарындасы ретінде қарайды. Сондықтан, қазақ қыздары өз ауылдарында еркін киінуі, шашын көрсетіп жүруі, тақиямен жүруі деген сияқты  өзін  еркін ұстаған. Мына, ыстық жердің адамдарының табиғаты да ыстық, ерте пісіп жетіледі. Мысалы, Құранда айтпай ма, тоғыз жасқа келгенде, балиғат жасқа келеген де қыздарыңызды намазға жығыңыздар деп. Ал, бізде тоғыз жаста әлі қыздарымыз балиғат жасқа толмайды ғой. Ол ерте біз үшін, біз  қоңыржай белдеуде орналасқаннан  қазақ халқы үшін, осындай осындай ерекешеліктер ескерілуі керек, зерттелуі керек.

Ришат Асқарбекұлы, тілші: Егер қазақ әйелдері осы заманға дейін еркін  өмір сүрді, өзін сол арқылы сыйлата білді, басына орамалын, кимешегін киіп келді ия. Ал, қазіргі уақытта араб елдерінен келген хиджапқа, өзге де діни киім-кешекке құмар болып барады. Осыны қалай түсіндіретін едіңіз.

Сараш Қоңырбаева:   Қазір қазақ қыздарының бәрі білімді.  Ең жоғарғы білім алмағанның өзі орта білім алғаны бар. Сондықтан, қай жағынан оқып, білім алса да, өзінің сақтану жағынан да, өзін жетілдіру жағынан да білімге жүгінгені дұрыс қой деп ойлаймын. Ислам діні, ия біздің дініміз мойындаймыз, альхамдулилиллә, біз әр кез мұсылманбыз деп айтамыз. Бірақ  исламды заманыңа сай жәй деген түсінікке келетін болсақ, біз мына өркениет заманында қыздарымызды қайтадан тұмшаландырып, исламның талабы деп, тұмшаландырып, қайтадан тығырыққа тірей алмаймыз. Өзін ұяттан, жаман сақтанудың жолдарын жаман әрекеттен, басқа адамдардан теріс қарым-қатынасқа түсіп қалудан  сақтанудың жолдарын кез-келген қазақ қызы бұл күнде білімі арқылы адамдармен қарым-қатынасқа түсуде. Өзін-өзі басқара алады деген ойдамын. 

Ришат Асқарбекұлы, тілші: Егер сүттей үйіп, тыныш отырған отбасына бір күні қызы хиджап киіп кіріп келсе, ол отбасы қалай әрекет етуі керек? 

Сараш Қоңырбаева:   Жер бетінде өркениет халқы қалай жүрсе, біздің қазақ халқы солай жүр. Сондықтан да  біздің қазақ отбасына қара киініп, жамылып келіп, менің енді өмірім осылай болды деп келетін болса, бұл отбасыменен дұрыс жұмыс жүргізуі қажет. Ата-аналар бұндай жағдайда ия, менің қызымның таңдаған жолы осы, мен оның өміріне қол сұға алмаймын дегенменен біздің өмірімізге, қазақ өміріне бұл өзі теріс түсініктер туғыздырып жатыр. Мен, хиджап киген қыздарды кіналаудан аулақпын. Оларда өздерінің сенімдерінің, ішкі тазалығының әрекетімен көрсетіп жүрген адамдар. Оларға сенің былай жүргенің дұрыс емес, қане орамалыңды шеш, деп күштеп әрекеттеуден мүлде аулақпын. Өйткені, олардың ішкі сенімдерін сыйлаймын. Бірақ кез-келген ата-ана өз қызына жаны ашиды. Осы қоғамда  қалай жүргені дұрыс, қоғам шет қақпауы керек оларды деп ойлайтын болса, баламызды, қалай қоғам шет қақпауы дейтін болса онда  қоғамның талабымен жүрген дұрыс қой деймін. Осындай бірнеше отбасыларды білемін. Қыз балалар менің былай жүргенім дұрыс емес екен ғой деп ойлап, киініп алып, кейіннен еш жерге жұмысқа алмау...

Иә, адамның сеніміне байланысты «олай дұрыс емес» деп шорт кесуге болмайды. Шорт кесудің соңы морт сынуларға, «сындыруларға» апаруы мүмкін. Бірақ біз қандай мемлекетте өмір сүргіміз келетінін шештік емес пе? Мың сан проблемаға қарамай, біз ұмтылатын меже белгілі емес пе? Қысқаша айтқанда «барлығы адам үшін» қоғамда. Қиял көрінсе де...