Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Петропавлда автобус жаяу жүргіншілерді қағып кетті

AstanaTV
08.12.2021ж. 20:00
1744
Петропавлда автобус жаяу жүргіншілерді қағып кетті

Петропавлдағы жантүршігершігерлік жол апаты, көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Автобус көше қиылысында жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Таспада қоғамдық көлік бағдаршамның жасыл түсінің соңғы минуттында жолдан өтіп үлгермек болғаны анық көрінеді. Ал, жаяу жүргіншілер өздеріне жасыл жанбастан жолға шығып кетті. Автобус тоқтап үлгермей 18 жастағы жігіт пен 14 жастағы қыз баланы соқты. Жеткіншек жеңіл жарақат алса, екіншісі ауруханаға жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде. Полицейлер бұл апатқа кімнің кінәлі екенін айтуға асығар емес. Айыпты тарап сараптама нәтижесінде белгілі болады, дейді.

Сән ЖҰМАҒАЗИНА, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы екінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу аясында сараптамалар тағайындалып, процессуалдық шешім қабылданатын болады.


А. Құрманкин