Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Еліміздің заңнамалық тарихында алғаш рет қабылданған заң жобасы

AstanaTV
08.12.2021ж. 20:30
1081
Еліміздің заңнамалық тарихында алғаш рет қабылданған заң жобасы

Еліміздің заңнамалық тарихында алғаш рет қабылданған заң жобасы. Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» құжатты бірінші оқылымда ілеспе түзетулерімен мақұлдады.  Палата спикерінің айтуынша, бұл биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа моделін құру үшін құқықтық негіз болады. Сонымен бірге, азаматтар мен қоршаған ортаны қорғаудағы маңызы орасан, дейді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Еліміздің заңнамалық тарихында алғаш рет «Биологиялық қауіпсіздік» туралы заң жобасын қабылдадық. Бұл заң жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген. Осы құжат елімізде  биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған.


Бұдан бөлек, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша оларды Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин табыстады. Марапатталғандардың ішінде ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, мұғалімдер мен дәрігерлер, жұмысшылар мен құтқарушылар, кәсіпкерлер, әртістер мен спортшылар бар. Мәжіліс төрағасы солтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтай отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірді дамытуға рөлін атап өтті.

А. Данияр