Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Полицейлер жауап алу кезінде қайтыс болған қостанайлыққа қатысты жаңа деректер шықты

Полицейлер жауап алу кезінде қайтыс болған қостанайлыққа қатысты жаңа деректер шықты

Шымкентке қалыңдығын әкетуге келіп, полиция департаменті ғимаратынан мәйіті шыққан 31 жастағы қостанайлықтың денесін жақындары елдеріне жеткізді. Олар сараптаманың қорытындысы, апталдай азаматтың ауыр соққыдан көз жұмғанын көрсеткен дейді.

Айдана ЖҰМАБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:

Экспертиза қорытындысында өлім «селезенкасы үзілген, сосын қатты удар іштен алған. «По животе» деп жазылып тұр и шоковый состояниеде болған деп жазылып тұр. Мәйіт бетін қарағанда бетінде екі жері жарылған. Майдайы, қабағының үсті прям тілініп кеткен. темірмен удар алады ғой сондай. Сол жақ құлағы полностью көгерген.

Марқұмның әкесі ұлының мұрыны мен қабырғалары сынып кеткен деп тұр. Ол бұл жағдайға кінәлелердің алды қамала бастағанын айтты.

Ерқара ЖҰМАБАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:

Біреуін жауып тастапты ғой аналардың. Біреуі түрмеде отыр дейді. енді біреуін екіншісін жабайын деп отыр.

Алайда, Шымкент қалалық полиция департаментіндегілер де, прокуратураның баспасөз қызметі де бұған қатысты ешқандай түсінік бермеді. Ал Ерқара Жұмабаев ұлының мәйітіне тағы да сараптама жасатпақшы. 17-ші желтоқсанда беташар тойы белгіленген қаралы отбасы ертең ұлдарын жер қойнына тапсырмақ. Еске салайық, 8-желтоқсан күні, Шымкент полициясы Қостанай тұрғынын досымен бірге "көлік ұрлығына" күдікті деп арнайы жасақпен қолға түсірген. Бірнеше сағаттан соң оның өлімі тіркелген. Полиция бұған кенеттен денсаулығы сыр бергенін желеу етті. Бірақ қара жамылған отбасы бұған сенбейді, олар ұлдарын тәртіп сақшылары "ұрып өлтірді" деп отыр.

А. Төребекқызы