Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбедегі ауыл маңынан әскери көлік табылды

AstanaTV
10.12.2021ж. 20:00
1778
Ақтөбедегі ауыл маңынан әскери көлік табылды

Ақтөбенің Өрлеу ауылы маңында әскери көлік табылды. Полиция қызметкерлері бронетранспортер техникасын қаладағы автотұраққа апарып қойған. Тәртіп сақшылары әскери техниканы сол маңдағы карьерлердің бірінің аумағынан тапқан.  "БТР-60" деп аталатын көліктің тіркеу нөмірі мен құжаты жоқ. Жүрмейді, өйткені қозғалтқышы жоқ, тек қаңқасы қалған. Полиция БТР сол карьерде жұмыс істейтін инженердің мүлігі екенін анықтаған. Полиция қазір техниканың қайдан шыққанын тексермек. Ресейден әкелінген болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
 
Ер адам БТР-ны шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын және қажетсіз болғандықтан сатпақ болғанын айтты. Материал ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізілуде. "БТР" Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды.

Г. Сейтенова