Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қарағандыда Астана күніне орай велошеру өтті

AstanaTV
06.07.2016ж. 20:00
3861
Қарағандыда Астана күніне орай велошеру өтті

Қарағандыда Астана күніне орай «Саған, Астана!» атты велошеру өтті. Оған 2 мың қарағандылық қатысты. Қала тұрғындары мен спортшылар облыс басшылығымен бірге 10 шақырым жерді велосипедпен жүріп өтті.

Велошеру Қарағандының мемлекеттік рәміздер алаңынан басталып, Тәуелсіздік монументіне дейін жалғасты. Халықтық жарысты бастаған облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков мәре сызығына бірінші болып жетті. Айта кетейік, спорттық шеруге Астана күніне тарту жасағысы келген кез-келген адамның қатысуына жағдай жасалған. Сондықтан олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, спортшылар, ардагерлер мен мектеп жасындағы балалар да бар.

Жалпы, мұндай велошерулер облыстағы барлық қалалар мен аудан орталықтарында бір мезетте өтті. Басты мақсат - Астана күніне ерекше тарту жасай отырып, салауатты өмір салтын дәріптеу. Аймақ басшысы шерудің белсенді қатысушыларын арнайы сертификаттармен марапаттады. Ал спортқа бет бұрған жасөспірімдер жиналғандарға дене тәрбиесінің әр саласынан меңгерген шеберліктерін ортаға салды. Шараның басы-қасында жүргендер, мұны дәстүрге айналдырып, оның ауқымын жыл өткен сайын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Әрине, әркім бірінші болуға тырысатын шығар. Мен түсінем, әріптестерім мені әдейі бірінші жіберді. Топ болып келе жатқанда, әрине, ол кішкене жеңілдеу. Мен күнде бассейнге барып жүземін. Кешке велосипед тебем. Егер кешке паркте болсаңыз, онда мені кездестіруіңіз мүмкін.

Дмитрий Карпов, жеңіл атлетикадан олимпиада чемпионы:

Барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен және сүйікті Астанамыздың туған күнімен құттықтаймын! Меркені спорттық шаралармен тойлап жатырмыз. Спортқа тек біз ғана емес, барша халықтың бетбұрысы байқалады. 

Айжан ҚУАШ