Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысына оқ тиіп, қаза тапты

AstanaTV
14.12.2021ж. 20:00
1552
БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысына оқ тиіп, қаза тапты

Батыс Қазақстан облыстық  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы рейд кезінде оқ тиіп, қаза тапты. Бұл туралы   инспекция   басшысы Қайрат Қадешев мәлімдеді. Оқыс оқиға бүгін таңертең болған. Серік Мәженов Теректі ауданы, Ақжайық ауылына жұмыс барысымен   барған.  Әріптестері инспектордың қызметтік қаруы абайсызда атылып кеткенін айтады. Кеуде тұсынан тиген оқтан ауыр жараланған Серік Мәженов көз жұмған.  Қазір бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қайрат ҚАДЕШЕВ, БҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Браконьерлер туралы хабар түскен соң, ол осы ауданға рейдке аттанған. Инспекторлар өздеріне бөлінген аумақты тексеріп тұрады. Негізі табиғатқорғау полициясымен бірге шығуы керек еді. Басқа нақты ештеме айта алмаймын.

Е. Карин