Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысы Президентке биыл 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, инфляциямен күрес, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде есеп берді. Премьер -министрдің айтуынша, ел экономикасы пандемия жағдайына бейімделіп келеді. Сыртқы сауда көлемі 82,2 миллиард долларға жетті. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 14,1 пайыз артық. Сонымен қатар экспорттың көлемі 23,5 пайызға көбейіп, 49,1 миллиард долларға жеткен. Ал өңделген тауарлардың экспорты 24,4 пайызға артқан.
А. Данияр