Елордада «Nur Otan» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған «Jastar – Оtanǵa!» сыйлығының лауреаттары марапатталды. Шара тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған. Белсенді волонтерлер, жанашыр меценаттар мен қоғамдық ұйым өкілдері 7 номинация бойынша құрметке ие болды. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 16-35 жас аралығындағы 230 адам іріктеліп алынған. Марапаттау рәсімінде «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек егемендік алған алғашқы күннен бастап елімізде жастарды қолдауға және олардың өз қабілетін жүзеге асыруына жағдай жасауға ерекше назар аударылып келе жатқанын айтты.Сондай-ақ пандемияның бірінші толқыны кезінде 5 мың жасотандық Елбасы бастамашылық еткен «Біз Біргеміз!» жалпыұлттық акциясы аясында 320 мың отбасыға атаулы көмек көрсеткенін, «Jas Otan» белсенділері Арыс пен Мақтааралды қалпына келтіруге атсалысқанын атап өтті.
Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгін осы премияның маңызы ерекше. Неге десеңіз бір-екі күннен кейін тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойлайтын боламыз. Ең қастерлі, қасиетті мерекеміз. Елбасының, президенттің үлкен үлгісімен қазір мына жастарымыз көпшілік, жетерлік. Жалпы біз 30 жылдықты тойлап емес, шын мәнінде жастар тарихты білуіміз керек.Жас отанымыз шын мәнінде қажетті мемлекеттік емес ұйым, саяси жастардың ұйымы.
Б. Сатуов