$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Елордада тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік шара өтті

AstanaTV
14.12.2021ж. 20:00
1424
Елордада тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік шара өтті

«Тәуелсіздік тұғырындағы 30 жыл: Сарыарқа – Елорда Тарихының Бастауы!». Бас қалада осындай атаумен мерекелік шара өтті. Оған Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты ұйытқы болды. Әншілер мерекенің көрігін қыздырды.  

Салтанатты мерекелік шараға, ел дамуына жан-жақты үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері арнайы шақыртылған. Шараның ашылуында сөз алған аудан әкімі  Есет Берікұлы, ел астанасының тарихы Сарыарқа ауданын басталғанын еске салды.  

Есет БЕРІКҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. "САРЫАРҚА" АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Тәуелсіз жылдары еліміз әртүрлі белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сарыарқа елорда тарихының бастауы. Тәуелсіздіктің негізгі жетістіктерінің бірі- қазіргі елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы.

Мұнан соң ел дамуына үлес қосып жүрген ардагерлерге «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісі, қала және аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. Сондай-ақ, көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» берілді.   Жиын барысында Ардагерлер қоғамының төрағасы мерекемен құттықтап, тарихтан сыр шертті.

Сабыр ҚҰСАЙЫНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. САРЫАРҚА АУДАНЫ «КӨКТАЛ 1» АРДАГЕРЛЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Басқа аудандар Сарыарқа өңірінің негізінде салынды. Бастапқыда Астана біздің Сарыарқа өңіріне көшті. Ескі қала. Мұнда барлығы 25 жылдан бері астанамыздың өмір сүргеніне дейін басталды. Барлығы осыдан басталды.

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат хатшысы да, Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен де құттықтады. Сонымен қатар, атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Ерлан ЕРМЕКҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ:

20 жылдың аясында Сарыарқа ауданында аяғынан нық тұрып, халықтың әлеуеттік те, әлеуметтік те жақсы күнкөрісіне жақсы жұмыстар атқарылып жатыр.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасты. Жиналғандар эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы да мерекелік көңіл күй сыйлады.  

Ә. Дүкембаева