Маңғыстау облысының Форт-Шевченко мұражайында мемлекет және қоғам қайраткері, академик Салық Зимановқа арналған ескерткіш тақта орнатылды. Сондай-ақ, өңірде төрт нысан пайдалануға берілді. Толығырақ тілшіміз Ақбота Базарбай тарқатады.
Бұл ғимараттың Форт-Шевченко үшін тарихи маңызы зор. 15 жыл бұрын мұнда Салық Зимановтың мұражайы болған, ал 40-шы жылдарға дейін бұл жерде мектеп орналасқан.
Аманғали КҮЗЕМБАЕВ, ФОРТ-ШЕВЧЕНКО ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Соғыстан кейін оқуын бітіріп, жоғарғы білім алып, заң қызметкері болды ғой. Үлкен заң қызметкері болды. Зиялы азамат болды. Қазақсатнның конституциясын жазған адам.
Түпқараған ауданы Аташ ауылындағы зауытта балық өңдеу цехы іске қосылды. Жақын арада олар жартылай фабрикаттар, ысталған және консервіленген балық өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ цехта қалдықты өңдеу әдісімен тәулігіне 2 тонна балық ұны дайындалады. Жоба құны- 83 миллион теңге.
Амалбек ДУМАНБЕТОВ, «АТАШФИШПРОМ» ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
Көбіне балықтың қара балықтары ғой. Сазан, тифаль, судак. Сосын карась, табан, килька соның бәрі осы жерде өндіріліп жатыр. Капченный, пісірілген капченный бар. Сосын холодный капченный бар. Сосын свежий балықтарды сатып жатырмыз.
Ал Ақшұқыр ауылында сауықтыру спорт кешені пайдалануға берілді. Нысан «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 350 миллион теңгеге салынған.
Қанат ЖҰМАБАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Бұл жерде әрине 11 спорт түрінен болады. Және 300-ге жуық баланы тегін қабылдайтын боламыз. 6 жас пен 18 жас арасындағы балалар тегін спортпен айналысуға мүмкіндік бар.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Аташ ауылында «Балықшылар» демалыс орны ашылды. Ғимараттың жалпы ауданы- 2400 шаршы метр. Оның аумағында теңіз жұмысшыларының ескерткіші де бар. Авторы – маңғыстаулық мүсінші Болатбек Салаев. Биіктігі төрт метрге жуық ескерткіш демеушілік қаражат есебінен тұрғызылған.
А. Базарбай