Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің дамуына және қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін «Nur Otan» партиясының белсенділері мен ардагерлері мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды. Оған «Біз біргеміз» акциясының волонтерлері, қоғамдық кеңестердің, сайлауалды штабтардың мүшелері және праймериз қатысушылары лайық деп танылды. Еліміз бойынша барлығы мыңға жуық партия мүшесі марапатқа ие болса, оның 85%-ы өңірлерде. Мұндай жоғары марапат алдағы уақытта да аянбай жұмыс істеуге ынталандырады деп есептейді партиялықтар.
Рысты ЖҰМАБЕКОВА, «NUR OTAN» ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ, ӘЙЕЛДЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ:
Партияның ардагері, І шақырылымдағы Мәжіліс депутаты ретінде мен еліміз үшін күрделі кезеңдерде маңызды заңдарды қабылдауға қатыстым. Сол кезеңде мұндай қарбаластарға төтеп беру мүмкін еместей болып көрінетін. 30 жыл өткен соң, қазіргі жасыма қарамастан, әлі де елге пайдамды тигізгім келеді. Алдымызда атқарар істер жетерлік. Еліміздің әрбір азаматы осы мақсат жолында әрдайым жалындап тұрғанын қалаймын.
Ә. Дүкембаева