Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атырау облысында бұрыңғы полиция қызметкері ағасын өлтіріп 3 ай ауласында жасырып келген

AstanaTV
20.12.2021ж. 20:00
2543
Атырау облысында бұрыңғы полиция қызметкері ағасын өлтіріп 3 ай ауласында жасырып келген

Атырау облысында бұрыңғы полиция қызметкері туған ағасын өлтіріп, мәйітті 3 ай бойы ауласына жасырған. Бұған ауылдастары сене алар емес. Екі оттың ортасында қалған марқұмның артындағы балаларының шешімі қандай? Шалғайдағы ауылға барып қайтқан тілшіміз Базаргүл Нәдірқызының репортажы.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қанды оқиға облыс орталығынан шалғайда жатқан Индербор кентінде болған. Қылмыс, марқұмның ұлы әкесіне іздеу салған соң ғана ашылып отыр.


Жаға ұстатарлық жағдай орын алған мына үйдің бүгінде есігі тарс жабық. Ал, көршілері әлі күнге үрей құшағында жүр. Айтуларынша бауырлар өзара арақ ішіп арты жаншалға ұласқан. Інісі мәйітті ауласындағы қоқыс жинайтын шұңқырға жасырған көрінеді.

Гүлшат ЖАНТАСОВА, КӨРШІСІ:


Шошып кеттік. «Жеңіс солай етті ме?»- деп. Оның үйіне кіруге тіпті қорықтық. Осы жерде 15 машина тұрды. Атыраудан келді. Эсперттар келді. Прокурорлар келді. Ап сондайға барады деп ойламаймын.  Бірақ адам барып тұр ғой. Арақ ішкендікі болған шығар сол. Ішіп жүрді ғой.Нервный срыв. Сосын анау да тілі жаман кісі ғой. Ұрынған болар өзін. Өлген кісіні айтуға да болмайды күнә.


Көршілерінің айтуынша, мұнда марқұмның інісі отбасымен тұрып келген. Ал ағасы ара-тұра келіп тұратынын жеткізді. Шаруа қожалығында мал баққан. Соңғы рет 20-шы қыркүйекте ауылға келіпті. Содан кейін оны көрмеген. Күдікке ілінген туған інісі, бұрын полицияда еңбек еткен. Қазір зейнет демалысында екен.

Амандық ҚАЛИЕВ, КӨРШІСІ:

Өте жақсы адам. Отставкамен пенсияға шыққан жігіт. Ол майормен пенсияға шықты ғой.


Кент әкімі марқұмды ауылдан оны көп көре бермейтінін айтты. Әлеуметтік жағдайы төмен болса да, көмек сұрап келген емес деп отыр.

Асхат АЙМҰРАТОВ, ИНДЕРБОР КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:


Бұл кісі 65-тің үстіне шығып кеткен үлкен кісі ғой. Бізде ол кісіні қырда болған соң ауылан көрмейміз. Ішімдікке жақындығы болған, естуіміз бойынша. Көп балалы әке. Жағдайы кішкене төмен.

Қазір Индер аудандық полициясы «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті. Марқұмның балалары, ағасының жауапқа тартылуына қарсы.  

МАРҚҰМНЫҢ ҰЛЫ:


Жоқ. Ол кісі - ағам, ана кісі  - әкем. Ажал солай келіп тұрса, оған кім қарсы тұрады? Кім кедергі жасай алады. Шок қой. Автопилотпен кеткен ғой өлтіріп алғаннан кейін. Не істеп, не қойғанын білмейді да адам. Бізге айтты сөйтіп қойдым, бүйтіп қойдым деп.

Ағасын өлтіріп, мәйітін 3 ай жасырды деген інісімен тілдесу мүмкін болмады. Қылмыс болған үйдің есігі тарс жабық.

 Б. Нәдірқызы