$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанай облысынан биыл алты мыңнан астам адам көшіп кеткен

AstanaTV
21.12.2021ж. 20:00
1321
Қостанай облысынан биыл алты мыңнан астам адам көшіп кеткен

Биыл Қостанай облысынан 6 мыңнан астам адам қоныс аударған. Оның екі мыңнан астамы өзге елге көшіп кетіпті.  Көші-қон мәселесі  Тобыл өңірінде ғана емес, еліміздің шығысы мен солтүстігінде де алаңдатарлықтай.  Ұлттық статистика бюросы  халық саны азайған аймақтарды  атады.  Толығырақ тілшіміз Заңғар Санай айтады.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Жыл басынан бері Қостанай облысына 4627 адам қоныс тепкен.Бұл былтырғымен салыстырғанда 11 пайызға  аз дейді мамандар.Ал Тобыл өңірінен басқа аймақтарға немесе өзге мемлекеттерге көшкендер саны тоғыз мыңнан асады. Оның 2854-і шетел асқан.

Аймақ тұрғындарының саны он айда 9423 адамға азайған.Оның ішінде көші-қоннан бөлек, өлім-жітім де  бар.  Дегенмен, Ұлттық статистика бюросының өкілдері өзге өңірлер мен басқа елдерге  көшкендер саны  биыл көбейгенін айтады.

Мира ЖАҒЫПАРОВА, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өңіраралық көші-қон бойынша келгендер саны 2020 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 11,7 пайызға азайды және 4034 адамды құрады. Кеткендер саны 4 пайызға артты 6569 адам.

Көшіп жатқандардың көбісі  экономикалық-әлеуметтік жағдайын бірінші орынға қояды.Сол тұрғыдан қолайлы жаққа қоныс аударады, дейді демографияны зерттеп жүрген мамандар.

Серікжан ИСМАЙЫЛОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Ең біріншіден экономикалық себептері.Екіншіден кейбір адамдар олар осы  өз отанына  көшіп қону негізгі себептері болып саналады.

Елдің шығысы мен солтүстігінде халық саны азайса, Алматы, Шымкент , Нұр-Сұлтан шаһарына қоныс аударушылар керісінше  көбейіп жатыр.

Маңғыстау  мен  Қызылорда,  Ақтөбе , Атырау,  Жамбыл облыстарында да  халық өсімі бар.

З. Санай