$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жаңа жыл қарсаңында туристтер үшін қандай мемлекеттердің шекарасы жабылады?

AstanaTV
22.12.2021ж. 20:00
949
Жаңа жыл қарсаңында туристтер үшін қандай мемлекеттердің шекарасы жабылады?

Таиланд туристер үшін, карантин талаптарын қайта күшейтті. Жағалаудағы курорттарға келетіндер 7 күндік карантинге қамалмақ.  Қыста жылы аймақтарға ұшу қазақстандықтар үшін де әдетке айналған. Тур операторлардың дерегінше апта сайын 10-15 отбасы, тропикалық елдерге демалысқа жол тартуда. Өйткені бұл елдер саяхаттау үшін арзан деп атайды. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінде Жаңа жылды тойлау үшін екі адамға шамамен 620 мың теңге төлеуі керек.

Таиланд жаңа туристтер үшін есігін жаппақшы. Елге кіру ережелерін қайта қарады. Індетке байланысты 22 қаңтардан бастап туристерді қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдады. Коронавирусқа қарсы вакцинасы бар туристер, Пхукет аумағында ғана  оның өзі бес күн ғана тұру мүмкіндігі берілді. Еске сала кетейік, Омикрон штаммы алғашқы дерегі Таиландта тіркелген болатын.

Халил, ФРАНЦУЗ ТУРИСТІ:

Бұл жаңалық мені қатты таңқалдырды, өйткені мен жағдай жақсы деп ойладым. Сондықтан бірінші кезекте Тайландқа келуді шешкен едім.

Канникар ПАХУЛОЕ, ГИД:

Бұл соңы. Маған екі күн ғана клиенттер табылды. Келесі жылы жағдайдың қалай болатынын білмеймін,  бірақ одан сайын ушығатын сияқты.


Таиландқа саяхаттайтын отандастарымызда аз емес екен. Тур компания басшысының айтуынша, ең көп баратын мемлекеттің ішінде Біріккен Араб Әмірлігі мен Таиланд елі тұр.  

Әсия МЕЙРАМБЕКОВА, ТУР АГЕНТТІКТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Коронавирустың жаңа түрі омикрон, әрине барлық туристтерді қорқытады. Осыған байланысты, бірнеше мемлекет өз шекаларын жабуға тура келді. Бұның бәрі сұранысқа әсер етеді. Ал, туристтердің басым бөлігі Біріккен Араб әмірлігін, Таиландты таңдайды.

Айта кетейік, Тайланд қазақстандықтарға қолжетімді бір ғана вакцинаны мақұлдаған. Оның өзінде белгілі талаптармен ғана кіру мүмкіндігі бар дейді саяхатшы.

Нұрбақыт БОЛТАЕВ, САЯХАТТАУШЫ:

Таиландта қанша қалатынына байланысты ғой. Мысалы 15 күннің 7 күні карантинде өткізеді. Бірақ карантинде өткізген кезде де Пкухет сияқты қалалар болса, ол жердің карантині қатты карантинге ұқсамайды. Ол жерде отель, пляж болған соң демалады ғой.

                                                   
Бұрыннан туризмге тәуелді Таиланд, саяхатшыларға өз еліне еркін кіруге рұқсат берген. Әлемдегі жағдайдан сескенді ме, енді шетелдіктер үшін курорттарға келушілерге бірнеше талап қойып отыр. Індеттке қарсы екпе, ПТР сынамасының теріс болуы шарт.

Ә. Дүкембаева