Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев отставкаға кете ме?

AstanaTV
23.12.2021ж. 20:00
2015
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев отставкаға кете ме?

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев отставкаға кете ме? Бұл сауалға орталық коммуникациялар қызметінде, ведомство басшысы өзі жауап берді.

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Менің отставкам өзімнің жеке басымның сұрағы емес. Оны енді мемлекет басшысы шешеді, бастықтар шешеді. Сол себептен ең алғашқы мақсат, қазір пікір алмасы фермерлермен кездесіп жатырмыз ғой сол ауыл шаруашылығы саласында жүйелі тиімді реформаны жасау.


Министр Ербол Қарашөкеев, аймақтардан өзін іздеп келген фермерлермен ортақ мәмілеге келгенін айтты. Күні кеше ғана батыс өңірінен бір топ шаруа қожалық иелері Нұр-Сұлтанға келген еді. Жем-шөп тапшылығынан, малдары арам өліп жатқанын айтып, министр Ербол Қарашөкеевке орнын босатуды талап еткен еді.

Әділбек САҒЫНДЫҚОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қызметіңізден бас тартсаңыз. Орныңызға дұрыс маман келсе.Халыққа, шаруаға жаны ашитын. Басқа айтарым жоқ.

Б. Сатуов