$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда өлім жазасы болмайды – Сенат заң қабылдады

AstanaTV
23.12.2021ж. 20:00
1845
Қазақстанда өлім жазасы болмайды – Сенат заң қабылдады

Елімізде енді өлім жазасы мүлдем қолданылмайды. Бүгін Сенат отырысында тиісті заң қабылданды. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша,  Қылмыстық кодекстің  11-бабынан өлім жазасы алынып тасталады. Сондай-ақ, өлім жазасы туралы түсінік, оны қолдану шарты, мораторий кезіндегі талаптар туралы арнайы бап та күшін жояды.  Ал халықаралық хаттама бойынша өлім жазасын алып тастағаннан кейін оны қайта қалпына келтіруге болмайды.  Депутаттар заңды бірауыздан қабылдап, Президенттің қол қоюына жіберді.

Әсет ШЫНДАЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қылмыстық кодекстің 17 бабының санкцияларында өлім жазасы енді болмайды. Ең қатаң жаза өмір бойынан айыру болып қалады. Қылмыстық кодексті толықтыру арқылы өлім жазасы өмір бойы бас бостандығына айыруға ауыстырылғандарды мерізмінен бұрын шартты түрде босатуға тиым салынады.

Еліміз енді өлім жазасынан бас тартқан әлемдегі 106 мемлекеттің қатарына кіреді. Алайда тұрғындардың бұған қатысты пікірі әртүрлі.    

БЛИЦ:

- Әрине жақсы жаңалық қой. Өлім жазасының бізге қажеті не?

- Өлім жазасы керек.

- Педофилдерге керек енді. Ал былай Қазақстанға жақсы қолдайым негізі.

Б. Сатуов