$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Коронавирустың "омикрон"штамы наурызда келеді, -Ж.Бекшин

AstanaTV
23.12.2021ж. 20:00
1484
Коронавирустың "омикрон"штамы наурызда келеді, -Ж.Бекшин

Коронавирустың «дельта плюс» штамы, Алматыда анықталды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Ол соңғы екі айда кесел жұқтырғандар арасында COVID-19 белгілері өзгергенін айттты. Қыркүйек айында диарея синдромы басым болса, қараша мен желтоқсанда нейротоксикалық белгілер анықталған. Әрі, жансақтау бөліміне түскен науқастар саны көбейіпті.

Жандарбек БЕКШИН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Қалада қазір эпид жағдай басқаша. Қыркүйек және қараша айларыларымен салыстырғанда айырмашылық бар. Ковид науқастарында дене температурасының жоғарлауы, жансақтау бөліміне түсу жағдайлары жиілеп кетті. 84 үлгіні секвенирлеуге жіберіп нәтижиесін алдық. Дельта плюс алты үлгіде анықталды. Бұған дейін аталған штамм бізде болмаған еді.


Аталған штам түрі негізінен маусым айында Үндістанда пайда болған еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, оны бастапқы ковидке қарағанда екі есе жұқпалы деді. Сондай-ақ Жандарбек Бекшин, «омикрон» штамына қатысты болжам айтты.

Жандарбек БЕКШИН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:


Қалада «омикрон» табылмады. Бірақ бұл босаңсуға болады деген сөз емес. 2022 жылы қаңтар айының ортасында «дельта» нұсқасының орнын біртіндеп «омикрон» басады. Бесінші толқынның шыңы алдағы жылдың наурызында болады.


Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті. Кеше ғана 416 науқас тіркелсе, өткен түнде бұл көрсеткіш 477- ге жетті. Оның 85- і Нұр- Сұлтанда анықталған.

А. Қуаш