Елордада талантты жастар «Елбасы медалімен» марапатталды. Жобаға мыңнан астам үміткер қатысқан. Соның ішінде 180 қатысушы- қола, 9 адам- күміс медаль иегері атанды. Айта кетейік, бағдарламаға қатысушы жастар 7 бағыт бойынша бақ сынайды.
Тоқтар БОЛЫСОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ КОНГРЕСІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Ұлттық мәдени рухты ары қарай дамытуға, жалпы патриоттық сезімді оятуға, білім жағынан,мысалы кітап оқу бойынша, көптеген жастар тапсырманы орындайды, сол тапсырманы орындағанның арқасында оларға әр түрлі баллдар қойылады.
Жүзден жүйрік атанғандардың қатарында оқушылар, студенттер, жеке кәсіпкерлер мен әртүрлі сала мамандары бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Елбасы медалі» жобасына қазір де 20 000-нан астам адам қатысып жатыр.
Ақнұр ТҰЯҚБАЙ, "ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ИЕГЕРІ:
Алты ай бойы "Елбасы" жобасына қатыстым. Көптеген бағытта өзімді шыңдадым. Көптеген бағытта тапсырмалар орындап,уақытында жүктеп отырдым.
Әбілда АЛТЫНБЕК, "ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ИЕГЕРІ:
"Елбасы медалі" жобасы ол жастарды қолдауға арналған ең ауқымды жобаның бірден-бірі деп айта аламын. Осы жобаға қатысып жатқан барша жастарды осы қазақ елінің патриоты деп айтсам артық емес.
Б. Сатуов