Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қарағандыда автобус үстінде билеп, көпшілікке танылған тиктокер жүргізуші жол апатына ұшырады

AstanaTV
27.12.2021ж. 20:00
1820
Қарағандыда автобус үстінде билеп, көпшілікке танылған тиктокер жүргізуші жол апатына ұшырады

Ал Қарағандыда автобус үстінде  билеген  тиктокер-жүргізуші  жол апатына түсті.  Ол   43-інші нөмірлі автобусты жүргізіп келе жатып, автокөлікпен соқтығысқан.  

Айдос Арынов  жол көлік оқиғасын өзі түсіріп,   әлеуметтік желіге жүктеген.  Ал полицияның хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша  тиктокер айдап келе жатқан автобусқа  шағын «Шаолинь» көлігі кеп соққан.  Салдарынан 14 жасар жолаушы медициналық мекеме көмегіне жүгінген. Дегенмен жол көлік оқиғасына нақты кім кінәлі екені әзірге белгісіз. Оны анықтау үшін арнайы сараптамалар тағайындалған. Айта кетейік, Айдос Арынов осыдан 4 ай бұрын автобустың үстінде билеп, көпшілікке  танылған еді. Бұл қылығы үшін оған айыппұл салынған болатын.   

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Шаолинь автобусының жүргізушісі алдын ала болжам бойынша айналу маневраны жасау барысында Ютонг автокөлігімен соқтығысқан. Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.


А. Қуаш