Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қарағандылық дәрігердің қателігінен сал болып қалған

AstanaTV
27.12.2021ж. 20:00
2149
Қарағандылық дәрігердің қателігінен сал болып қалған

Қарағандыда дәрігердің қателігінен сал болып қалған Айғаным Сейдуалиеваның ұлы, анасының еміне халықтан көмек сұрайды. Айтуынша, анасы венеролог дәрігердің теріс емінің салдарынан 2 жарым жылдан бері төсек тартып жатыр. Ал медицина қызметкерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс жабылып қалған.  

Алмас анасын осылай арнайы зонтпен тамақтандырып, тәулік бойы күзетеді. Небәрі 47 жастағы Айғаным Сейдуалиева 2 жарым жылдан бері төсек тартып жатыр, тіпті сөйлей алмайды. Венерелог дәрігердің теріс емінен кейін осындай күйге түсті дейді Алмас. Қауіпті антибиотикті анасына үй жағдайында өгей әкесі салған, дәрі тамырға енген бойда науқас есінен танып қалғанын жеткізді.

Алмас ЖЕҢІСБЕК, НАУҚАСТЫҢ ҰЛЫ:

Мамам уколдан кейін анафилактикалық шок алып есінен танып парализованный болып қалды, миы зақымдалған. Антибиотик негізсіз тағайындалған. Екіншіден аллергиялық пробаға направление бермеген. Үшіншіден бұл «ротоцеф» деген антибиотик 2015 жылдан бастап протоколдан алынып тасталған.

Дәрішердің өрескел қателігі арнайы тексеру кезінде расталған. Қылмыстық Кодекстің 317-інші, яғни «медицина жұмыскерінің кәсіптік міндетін тиісінше орындамауы» бабымен іс қозғалған. Ол туралы бізге медициналық бақылау департаменті мәлімдеді. Алайда сот- медициналық сараптама комиссия «науқастың жағдайына дәрігердің теріс емі тікелей әсер етпеді» деп шешкен. Осыдан соң полиция істі жауып тастапты.

Наталья НАРМАҒАМБЕТОВА, МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Медициналық көмек көрсету стандарттары өрескел бұзылған. Науқас ақылы түрде қаралған. Сөйте тұра еш келісім-шарт жасалмаған. Дәрігер ішетін дәрі тағайындауы тиіс еді, оның орнына қарсы көрсетілімі жоғары "Ротацеф" екпесін тағайындаған. Оны аллергиялық сынамасыз үй жағдайында салуға мүлде болмайды. Оның үстіне жедел жәрдем де кеш келген. Қазіргі таңда науқасқа бас миының анаксикалық зақымдануы диагнозы қойылып отыр.

Осы жағдайдан соң өгей әкесі отбасынан ізін суытқан. Айғаным Сейдуалиеваны Қазақстанда емдеу мүмкін емес. Еріксіз халықтан көмек сұраудан басқа амалы жоқ. Өйткені ол анасының күтімінен бөлек, екі кішкентай қарындасы үшін де жауапты.

Алмас ЖЕҢІСБЕК, НАУҚАСТЫҢ ҰЛЫ:


Қазіргі уақытта көзге қарайды, дауыстарды таниды, жылайды.  Дәл қазіргі уақытта бізді Грецияға шақырып жатыр 3 айға реабилитацияға. О жердің сомасы өте үлкен. 19 млн. Қазақстандықтардың көмегімен 13 млн 500 мың жиналды. Қалған соманы жинап Грецияға кетсек деген арманым бар.

Полиция департаменті аталған іске қатысты қандай бір ақпарат бермеді. Отбасының бар үміті қайырымды жандарда ғана.

А. Қуаш