Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Нұр-Сұлтан-Лондон бағытындағы әуе рейстері тоқтатылады

AstanaTV
28.12.2021ж. 20:00
955
Нұр-Сұлтан-Лондон бағытындағы әуе рейстері тоқтатылады

Елордадан  Лондонға ұшатын әуе рейстері тоқтатылады.  Яғни, қазақстандықтар 29 қаңтардан бастап 5 наурызға дейін Нұр-Сұлтаннан Ұлыбританияға ұша алмайды. ЭйрАстана  компаниясы баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, Лондонға тікелей ұшатын рейстер  коммерциялық себептерге байланысты тоқтатылған.  Ал  билет алған азаматтар оны кері  қайтара алады немесе ұшу күнін өзгертуіне болады.

Тілек ӘБДІРАХЫМОВ, "AIR ASTANA" ӘУЕКОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Жолаушылар өздерінің билет құнын сатып алған жерден қайтара алады. Ешқандай үкіметтік шектеулерге және омикрон жаңа штамға байланысты емес біздің рейстеріміздің тоқтатылуы.


Д. Жарқынбек