Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде екі адамнан пара алған мектеп директоры сотталды

AstanaTV
28.12.2021ж. 20:00
1962
Ақтөбеде  екі адамнан пара алған мектеп директоры сотталды

Ақтөбеде мектеп директоры 7 жылға сотталды. Ол  жұмысқа қабылдау үшін екі адамнан пара алды деп айыпталған. Облыстық соттың ақпараты бойынша, ол   мектеп директорының міндетін уақытша атқарып жүріп, өзінен жұмыс сұрап келген тұрғындардың бірінен 200 мың теңге, екіншісінен 100 мың теңге пара  алған. Сот үкім шығарар кезде оның кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екенін ескерген.

Анар АЙТЖАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
 
Сот үкімімен А. Кушербаева қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Г. Сейтенова