Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Құрылыс материалдарының импорты қысқарады

AstanaTV
28.12.2021ж. 20:00
1007
Құрылыс материалдарының импорты қысқарады

Құрылыс материалдарының бағасын тұрақтандыру үшін импорт қысқарады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында премьер-министр айтты. Енді бар күш пен қаражат отандық өндіріске жұмылдырылмақ. Себебі, әрлеу материалдары   тек сырттан тасымалданып отыр.  Ал ол сәйкесінше, бағаның жоғары болуына әсер етеді.   Баспана құнының көтеріліп бара жатқаны да осыдан дейді сарапшылар.  Тақырыпты тілшіміз Ақбота Базарбай сабақтайды.  

Қала базарларында сатып алушы  некен саяқ.  Өткен-кеткенге  "Менен алшы" деп жәутеңдеп қараған сатушылар ғана   тұр. Олардың айтуынша, шеттен келетін тауардың бағасы қымбат, оған аренда мен жол шығыны  қосылады,  мүлдем пайда жоқ дейді.

Марат СӘДІБЕКОВ, САТУШЫ:

Бұрын арматура 100-95 мың тұрған, қазір 555 мың қазір. Базарға келіп 10 зат алатын болса, бағаларды көріп кейбіреуін мазасы қашады. Кейбіреулер айналып кетіп қалады. Кейбіреулері бізге айтады "неге сонша бағаны көтересің дейді?" Ал біздің оған не қатысымыз бар? келген бағаға байланысты көтеріледі ол.

Мунир АХТАРИЯН, САТУШЫ:

Баға қайткен күнде де өседі. Себебі біздің зауыттардың шамасы оған жетпейді. Сол себепті кез-келген жағдайда баға қымбаттайды.


Сатушылардың айтуынша, шетелден тауар алдыру қиын. Кейбір материалдар  6 айдан бері кеденде тұр. Бірақ басқа амал жоқ, өзіміз өндірмеген соң өзгеден тасимыз дейді. Ал халық бағаның қымбаттығына   наразы.

БЛИЦ:

- Баға қымбат. Қолжетімсіз. Қазір бүкілі қымбаттап жатыр. Арзан ештене жоқ. Үй соғу қиын.

- Импорт тоқтаса біздің ішкі нарық конкуренцияға әлі дайын емес.

- Айлықты көтереді, онымен бірге барлық затқа бағаны да шарықтатып жібереді. Сезілмейді халыққа айлықтың көтерілгені.  


Құрылыс заттарының бағасы өссе,  баспана құны көтеріледі. "Бұл заңды құбылыс",- дейді   сарапшылар.

Равиль ЖҰМАЛИЕВ, САРАПШЫ:

Құрылыс материалдары бәріне мәлім оның бағасы. Оның бағасы құрылыс пәтерлерге, салынып жатқан құрылыстарға әсері өте көп. Неғұрлым ол қымбат болса, құрылыс та қымбаттайды.

Министр  құзырлы сала басшыларына  нарықты бақылап, бағаны қадағалауға тапсырма берді.   

Асқар МАМИН. ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Индустрия министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, құрылыс материалдары бағасын негізсіз өсіру фактілері бойынша уақтылы шаралар қабылдап, үнемі бақылауды қамтамасыз етсін.

Билік мәселені шешеміз дейді. Нарықты отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 1 триллион теңгеден асатын 165 жаңа жоба жүзеге асырылады деді премьер - министр.

А. Базарбай