Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Президент Қ.Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды

AstanaTV
28.12.2021ж. 20:00
877
Президент Қ.Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі  парақшасында жазды. Айтуынша, Президент онда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекет басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін барған. Кездесу барысында мемлекет арасындағы атқарылған бірлескен жұмыстарды қорытындылау, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқыламақ. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланған.

А. Данияр