$498.51 €522.84 ₽4.81
×

ПТР арқылы 400-ге жуық адамнан короновирус анықталды

AstanaTV
29.12.2021ж. 20:00
1269
ПТР арқылы 400-ге жуық адамнан короновирус анықталды

Өткен тәуліктегі эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 400-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сондай-ақ, індет белгілері бар пневмонияның 72 жағдайы тіркелді.  Ковид пен пневмониядан 11 адам көз жұмған.

Қазір еліміз бойынша 16 977 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның 2524-і стационарда жатыр, 14 453 науқас амбулаториялық ем алуда. Ковидке шалдыққандардың арасында 221 адамның жағдайы ауыр, 67 пациенттің жағдайы өте ауыр, 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

А. Базарбай