"Нұр Отан" партиясына халықтың 76,6 пайызы сенім артады. Бұл туралы "Nur Otan" трендс" саяси алаңында Қоғамдық саясат институтының директоры Мадина Нұрғалиева айтты. Сонымен қатар, жиын Елбасының "Елдіктің жеті тұғыры" атты мақаласының қағидаттарына арналды. Тұңғыш Президенттің саяси ұстанымдарын арқылы жеткен жетістіктер сараланды.
Түрлі сала мамандары мен депутаттар, партияның саяси алаңында бас қосты. Олар "Nur Otan-ның" атқарған жұмыстарын талқылады. Қоғамдық саясат институты халық арасында офлайн сұрақ-жауап жүргізген. Оның нәтижесімен институт директоры Мадина Нұрғалиева бөлісті. Халықтың 76,6 пайызы "Nur Otan" партиясына үлкен сеніммен қарайтыны белгілі болған. Оған 30 жыл ішінде атқарылған жұмыстар себеп дейді.
Мадина НҰРҒАЛИЕВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Сұрақ- жауаптың нәтижесінде біз халықтың көп бөлігі "Nur Otan" партиясына үлкен сеніммен қарайтынын білдік. Бұл партия үшін өте маңызды және абырой. Себебі азаматтар сенім артпаса жасалған жұмыстар, жасалатын жұмыстар текке кетеді.
Жыл басынан бері партияның республикалық сайлауалды бағдарламаның орындалуы 38 пайызды, ал аймақтық бағдарламаның орындалуы 43 пайызды құраған. Бұл туралы Парламент мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев жеткізді.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Нұр Отан партиясының сайлауалды көтерілген бағдарламасы ол жердегі 5 млннан астам біздің партияға дауыс берушілердің саны. Олардың барлығы партияның нақты істер сонымен қатар жүйелі жұмыс жасап жатқан бірден бір көрінісі. Бүгін Нұр Отан трендсте Елбасының айтқан қасиеттері мен қағидаттары, сонымен қатар партияның жасап жатқан дүниелері бойынша мәселе көтеретін боламыз.
Саяси алаңға ел игілігі үшін тиімді ұсыныс білдірем деген кез келген азамат қатыса алады. Сол себепті жиын әрдайым ашық форматта өтеді.
Д. Жарқынбек