Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған отбасылардың өмір сүру жағдайын "нұротандықтар" талқылады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс табу қиын өңірлерден 9 мың отбасы көшіп келген. Нәтижесінде 11 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлады Еңбек министрлігі. Жаңа жерге қоныс аударғандар сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында мың үй сатып алынған. Жаңа қоныстанушыларға материалдық көмек те көрсетілуде.
Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Көшуге үйдің әрбір мүшесіне 70 АЕК бір реттік төлем көзделген. Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметкерлерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу 12 айға көзделген. 2017 жылдан бері қоныстандыру өңірлеріне 32000 адам немесе 9100 отбасы келді.
Дегенмен, жаңа өмір сүру жағдайлары мигранттардың барлығының көңілінен шыға бермейді. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, тұрғын үй сапасына қатысты шағымдар бар. Ол жергілікті атқарушы органдардың бұл мәселеге байыппен қарауы керектігін айтты. Сол кезде көшіру процесі әлдеқайда нәтижелі болуы мүмкін дейді партия мүшелері.
Еділ ЖАНБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бір үйде 4 адам бар делік. Онда оларға 100-120 шаршы метр керек. Соны 130ға көбейтетін болсақ, оның бағасы 16 млн теңге болады. Жаңағы 4,2 млрдты 714 ке бөлетін болсам, ол 5,8 млн ғана. Оған үй тимейді ғой дұрыс. Біз кішкентай тауық кепеге барып тықпаймыз ғой балалар мен ата-аналарын. Бұл жерде есеп дұрыс емес.
А. Базарбай