Қазақстан коронавирустың кез -келген штамына төтеп беруге дайын. Дәрі-дәрмек қоры, ауруханалардағы төсек-орындар сақадай сай, дейді құзырлылар. Жалпы, бүкіл әлем COVID-19 инфекциясымен күресіп жатқанына 2 жылдай уақыт болды. Ауруды ауыздықтар деп індетке қарсы екпе дайындалып, вакциналау да басталды. Бірақ, вирустың басылар түрі жоқ. Тіпті, жұқпалы дерттің түрлі формалары пайда болуып жатыр. Әлемді әбігерге салған коронавирустан құтылудың жолы бар ма? Сарапшылар мен нумерологтар не дейді? Жыл ішіндегі өзгерістерді әріптесім Асылбек Данияр рет-ретімен тарқатады.
Елде індетті жұқтырудың алғашқы дерегі 2020 жылдың 13 наурызында тіркелді.
Содан бері 986 мың адам COVID-19-ға шалдықты. Оның 958 мыңнан астамы жазылып шықты. Қайтыс болғаны 13 мыңға таяу. Ал, ауру белгілері бар пневмонияны 84 мың адам жұқтырған. Емделіп шыққандар: 77 мыңның төңірегінде, көз жұмғандар: 5 мыңнан асады.
Пандемия басталғалы Денсаулық сақтау министрлігінде бірнеше рет ауыс-түйіс болды. Бірі қызметінен өз еркімен кетсе, бірінің үстінен іс қозғалды. Экс-министр Елжас Біртанов былтыр 7 қарашада ұсталды. Оған ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Сондай-ақ аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеліп жатыр. Содан бері 10-нан астам сот отырысы өтті. Үй қамақтың мерзімі де бірнеше рет ұзартылды. Соңғы шешім бойынша бұлтартпау шарасы 14 қаңтарға дейін созылды. Қылмыстық іс 133 томнан тұрады. Ал, COVID-19-ға айна қатесіз болжам жасайтын Жандарбек Бекшин 5 қаңтарда зейнетке шығып, мемлекеттік қызметпен біржола қоштаспақ. Десе де, білікті дәрігер коронавируспен де соңына дейін күресемін деп отыр. Өткен аптада Алексей Цой да қызметінен кетті. Қазір ведомство басшысының орны бос. Оған лайықты шенеунік табылғанша, бұл қызметті уақытша вице-министр Жандос Бүркітбаев атқарады. Сондай-ақ бұрынғы министр кетер алдында келер жылы коронавирустан құтылуымыз мүмкін деген болжам айтқан еді.
Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Тіпті коронавирус уақытша. Мүмкін келесі жылы ауырғандар саны азайып, індеттен құтылатын да шығармыз.
Қазір әлемде коронавирустық мутацияға ұшыраған түрлері пайда болуда. Бірі жеңіл түрде өтсе, кейбірі ауыр ағымда жүреді. Тіпті, адамдардың бірден өлтіріп жіберуі де ғажап емес.
Бізге белгелі Альфа, Бета, Гамма, Дельта, Омикрон, Лямбда, Эта штаммдары. Қазақстанда әзірге "Омикрон" анықталған жоқ.
Десе де, үкімет басындағылар вирустың жаңа формасына дайынбыз, дейді. Ералы Тоғжановтың айтуынша, медицина мамандары, керек заттар қоры сақадай сай.
Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Омикрон" штаммының өте қауіпті екені ол белгілі. Таралуы бойынша қазіргі "дельта" штаммының өзінен де 5 есе тез, оның елдің бәрі біледі. Толықтай біздің жоспарларымыз бар. Ол болжамдар да қарастырылып жатыр. Сондықтан мұның бәрі күнделікті жұмысымыз. Келіп жатса оны да көреміз.
Дүниежүзінде эпидахуал нашарлап барады. Үкімет басшысы індетке қарсы тұру үшін қайта екпе алуды тездету керек, дейді.
Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Жаппай ревакцинациялау бойынша жұмысты күшейту керек. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 9 миллион адам ревакцинациялаудан өту керек.
Ел бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 дозасын 11 айдың ішінде 9 миллионға жетер-жетпес адам салдырды. Ал, 2 компонентті 8 жарым миллион тұрғын алды. Бұл қарқынмен премьер-министрдің тапсырмасы айтылған уақытта орындалады дегенге сену қиын.
Қазақстандар үшін COVID-19-дан қорғайтын екпенің 6 түрі сатып алынды. "SPUTNIK V", "SINOPHARM", "CORONAVAC", "HAYAT-VAX", "QAZ COVID-IN", "PFIZER". Келер жылдан бастап Ресейдің "SPUTNIK LITE" вакцинасы қолжетімді болмақ.
15 қарашадан бастап елде 12 жастан асқан жасөспірімдерді, емізулі аналарды, жүкті әйелдерді "Pfizer" препаратымен вакциналау басталды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы COVID-19 пандемиясының адамзат үшін соңғы емес екенін айтты.Келесі пандемияға қазірден бастап дайындалу керек дейді.
Антониу ГУТЕРРИШ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:
COVID-19 адамзат алдында тұрған соңғы пандемия емес. Денсаулық саласына жауап бере отырып, біз келесі кезеңге дайындалуымыз керек. Халықаралық эпидемияға дайындық күнінде осы мәселеге назар аударайық, оған керек инвестиция бөлу керек.
Ал, сандар арқылы болашақты болжайтын нумеролог Құралай Бақытқызы келер жылы коронавирустан құтылуымыз бек мүмкін, дейді. Халықтың денсаулық жағдайы да жақсара түсетінін айтады.
Құралай БАҚЫТҚЫЗЫ, НУМЕРОЛОГ:
2021 жылы 13 саны түскен есебіміз бойынша. Ал, 13 саны денсаулық бойынша қауіп-қатер жылы болды. Осы жылғы болжам беретін болсақ, денсаулық бойынша ешқандай қауіп қатер жоқ. Яғни ковид та тұмаумен бірге мүмкін беттес болып өтіп шығып кетеді деген бізде болжам бар. Яғни Қазақстанда денсаулық жағы жақсарады.
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
Кейбір медицина сарапшылары "Омкироннан" кейін пандемия бітеді деген болжам айтып отыр. Оның таралуы жылдам болғанмен, келер қауіп аз, дейді. Сондықтан жаман айтпай, жақсы жоқ. Шынымен 2022 жылы дүниежүзі қалыпты өмірге оралады дегеннен үміт үзбейік.
А. Данияр