$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда шенділер бюджеттің 59 млн. теңгесін жымқырған

AstanaTV
30.12.2021ж. 20:00
2447
Павлодарда шенділер бюджеттің 59 млн. теңгесін жымқырған

Павлодарда қазына қаржысын жымқырған шенділер сотталды. Қаржылық моноторинг агенттігінің аумақтық департамент қызметкерлері 59 млн. теңгені қолды қылған. 5 адамнан құралған топқа сот 8 жылдан 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Жемқор шенділер «Сарыарқа» шағын ауданына коммуналдық желілер тарту мен абаттандыру жұмыстарына бөлінген қаражатты талан-таражға салған.  Кейін олардың Ленин кентіне салынған спорт кешенінің қаржысын да жымқырғаны әшкере болды.

Жоламан ҚИНАЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Азамат Ахметов 2016-2017 жылдар аралығында бірнеше жалған кәсіпорындарды сатып алып, оларды басқа адамдардың атына тіркеп, мемлекеттік сатып алуға қатысқан. Нәтижесінде орындалмаған жұмыстарға орындалды деген актілерге қол қойып, мемлекет қаражатын жымқырғаны анықталды.
 
Ал Шарбақты ауданында 47 жастағы ауыл тұрғыны  мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған. Оны тәртіп сақшылары саусақ іздері арқылы тауып алды.  Қазір күдікті қамауға алынып, сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге қанша теңгені ұрлағаны белгісіз.

Ө. Қуанар