$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қазақ елін әлемге танытқандар кімдер?

AstanaTV
30.12.2021ж. 20:00
3820
Қазақ елін әлемге танытқандар кімдер?

2021 жыл еліміздің мәдениет, спорт саласында да жемісті  болды. Төрткүл дүниені талантымен таңғалдырып, Қазақ елінің абыройын асқақтатқан тұлғаларымыздың есімі тарих бетіне қатталып жазылды. Ерекше дарынымен  әлемді мойындатқан өнерпаздар және байрақты бәсекеде көк туымызды көкте желбіретіп, әнұранды әуелеткен спортшылар туралы тілшіміз Бекболат Сатуов  айтады.

Биыл бағы жанғандардың бірі -Иманбек. Павлодар өңірінің тумасы  Қазақстан өнерінің жаңа тарихында тұңғыш Grammy сыйлығын қанжығалады. Әлемдік музыка бағытындағы айтулы сыйлықтардың бірі Grammy жүлдесінің 63-інші салтанатты марапаттау рәсімінде   қазақстандық өнер иесінің ремиксі үздіктер қатарынан көрінді. Иманбек  Grammy ұтқан алғашқы қазақстандық атанды.

Иманбек ЗЕЙКЕНОВ, "GRAMMY" СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

«Ең үздік ремикс» номинациясының жеңімпазы атанған ол видеоэфирде: «Анама, әкеме, командама, менеджер Кирилге рахмет! «Грэммиге» рақмет!

Талантты Иманбек ерекше ремикстерінің арқасында әлемдегі үздік ондыққа кіріп "Жыл музыканты" атанды.

2021 жылы Димаш Құдайберген үшін де сәтті жыл болды. Талантымен талайды таңдай қақтырған әнші тыңдармандарын әлі де таң қалдырумен келеді. Ол әлеуметтік желіде танымалдылық жағынан әлем бойынша 10 әншінің қатарына кірді. Сондай-ақ, "Азиядағы ең сымбатты ер адам" атанды. Қазақ әндерін әлемге танытып жүрген Димаш -күллі қазақ жұртшылығының мақтанышы.

Талантты отандасымыздың тағы бірі - Рухия Байдүкенова. Ол биыл «Славян базары - 2021» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.

Таланттарымыз әлемді аузына қаратса,   шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмай жүрген спортшыларымыз да жарап тұр. Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов сынды  жас боксшыларымыз биыл әлем чемпионтында алтыннан алқа тағып, көк туымызды көкке көтерді.

Маратбек МЫҚТЫБЕКОВ, ҚР БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Азия чемпионатынан алып, бастайтын болсақ.Өздеріңізде білесіздер қыздарымыз 8 алтын қоржынға салған болатын.Одан қалса біздің жас спортшыларымызда биыл бірінші рет әлем чемпионатында, жастар арасында  екі алтын бірдей алған болатын ол тарихтағы бірінші нәтиже.
 

Спорт саласындағы жетістіктер мұнымен шектелмейді. Талай мықты  қазақ атын әлемге танытып жүр. Таныта да береді. Бастысы бабы мен бағы жарасқан спортшыларымыз көп болсын.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Адам баласы әр жылдан үлкен үміт күтеді. Тек жақсылық  тілейді. Таланттардың бағын жандырған жылдың жалғасы да жемісті болсын дейміз біз де.


Б. Сатуов