Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қазақстанның барлық аймағына бақылау бекеттері қойылды

AstanaTV
07.01.2022ж. 20:00
656
Қазақстанның барлық аймағына бақылау бекеттері қойылды

Қазақстанның барлық аймағында қауіпсіздік шаралары  күшейтілді. Ел аумағына   70 блок бекет қойылған. Оның алтауы -Нұр-Сұлтан қаласында. Елордаға   кіріп-шығып жатқан барлық көлік мұқият тексеріліп жатыр.  Әріптесім Асылбек Данияр бақылау бекеттеріне барып, жағдайды көріп келді.  

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:


Елде төтенше жағдай енгізілгелі Нұр-Сұлтан қаласында да тәртіп күшейтілген. Осындай блок-бекеттер қаланың 6 кіре берісінде бар. Олар: Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Астрахань, Қорғалжын, Павлодар бағыттары. Жалпы, түнгі сағат 11-ден таңғы 7-ге дейін елордаға кіріп-шығу шектеледі. Яғни жолдар жабылады. Қазірдің өзінде блок-бекеттегі мұздай қаруланған құқық қорғау органдарының мамандары мен әскери қызметкерлер кіріп-шығып жатқан көліктерді қатаң тексеріп жатыр.


Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:


Шектеу шараларының барлығы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Қазір қаладағы ахуал тәртіп сақшыларының толық бақылауында. Елорданың полиция департаменті халықтан жалған ақпаратқа сенбеуге және таратпауға шақырады. Тәртіпке бағынбаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Тек ресми ақпаратқа сену керегін айтты. Ел астанасында ешқандай тәртіп бұзу жағдайы тіркелмеген.

Қаладағы мемлекеттік мекемелер мен  стратегиялық нысандардың барлығы  қорғауға алынды. Ғимараттар  қоршалған.  Қаруланған арнайы әскери қызметкерлер мен тәртіп сақшыларынан күшейтілген күзет ұйымдастырылған.   

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:


Елордадағы тыныс-тіршілік күндегідей қалыпты режимде. Әлеуметтік маңызы бар нысандар жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көліктер қозғалысы шектелмеген. Автобус жүргізушілері жолақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ адамдарға түсініктік танытуда. Қалада коменданттық сағат енгізілгендіктен тұрғындардың түнгі 11-ден таңғы жетіге дейін көшеге шығуына болмайды. Аса қажеттілік туындаған жағдайда дүкенге немесе дәріхана баруға рұқсат етіледі.  

А. Данияр